Тоқаев мультимодульдық тасымалдау бағдарламасын құруды ұсынды

30 Қыркүйек 2021, 13:52
5530
Бөлісу:
Тоқаев мультимодульдық тасымалдау бағдарламасын құруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Осы жылдың сәуір айында Татарстан басшының қатысуымен шина өндіретін зауыттың тұсауы кесілді. Оның қуаттылығы жылына 3,5 млн шинаны құрайды. Бұл - өзге елден келетін импортты төмендететін Қазақстан үшін маңызды жоба. Біздің мемлекеттердің порттық әлеуеті өте жоғары. Бүгінгі таңда негізгі экспорттаушылар дәстүрлі бағыттарға балама іздейді, сондықтан Қазақстан мен Ресейдің теңіз порттары арқылы мультимодальдық Транскаспий бағдарын дамыту ерекше өзектілікке ие, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, Ресейдің солтүстік теңіз жолына қатысты үлкен жоспарлар мен жобалар да бар.

Іс жүзінде Қазақстан мен Ресей бірлесіп экспорттаушыларды Еуропаның және басқа өңірлердің көлік хабтарымен байланыстыруға мүмкіндік беретін балама транзиттік маршруттар желісін ұсына алады. Жақында Шығыс экономикалық форумында айтқанымдай, біздің елдеріміздің көлік ведомстволарының тұрақты өзара іс-қимылы ерекше маңызды болып отыр. Сондықтан бүгін мультимодульдық тасымалдарды дамыту жөнінде бірлескен бағдарлама қабылдауды ұсынамын, - деді Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы