Мемлекеттік сатып алу тәртібін жетілдіруге бағытталған заң жобасы қабылданды

30 Қыркүйек 2021, 11:18
1732
Бөлісу:
Мемлекеттік сатып алу тәртібін жетілдіруге бағытталған заң жобасы қабылданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Сенатында бірқатар заңнама актісіне өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі мен қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды. 

Оның айтуына қарағанда, құжат жобасы 4 негізгі түзетулерді қамтиды. 

Олар: 

- бір көзден сатып алуды қысқарту;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендету;
- мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру;
- жер қойнауын пайдаланушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің, байланысты, автомобиль көлігі мен қорғаныс сатып алуын жетілдіру. 

Сенат депутаттары заң жобасын талқылай келіп, бірінші оқылымда мақұлдады. Сол себепті заң жобасын бас комитетке екінші оқылымға әзірлеу тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы