Францияның бұрынғы президенті бір жылға сотталып кетті

30 Қыркүйек 2021, 17:10
1804
Бөлісу:
Францияның бұрынғы президенті бір жылға сотталып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Париж соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді 2012 жылы сайлау науқанын заңсыз қаржыландырғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырды. 

Бұл туралы BFMTV хабарлады.

Саясаткерге жазасын түрмеден тыс жерде өтеуге мүмкіндік берілді. Ол электронды білезікпен үй қамауында болады.

Тергеу мәліметтері бойынша, экс-президент сайлау науқанына 43 млн еуро жұмсаған. Ол сайлау науқаны шығындарының шегін білсе де, екі есе көп жұмсаған.

2007 жылы Саркози L'Oreal француз компаниясының мұрагері Лилиан Бетанкурмен кездесуде одан 150 мың еуро қолма-қол ақша алған. Ол бұл ақшаны өзінің сайлау науқанын қаржыландыру үшін пайдаланған-мыс.

Франция заңы бойынша үміткерлерге 4,6 мың еуродан артық соманы қайырымдылық ретінде қабылдауға тыйым салынады.

Наурызда Саркози сыбайлас жемқорлық және ықпал ету саудасы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның екі жылын шартты түрде өтейді.

Өзгелердің жаңалығы