Каспий итбалығы мен киік. Тоқаев бірегей жануарларды сақтау мәселесін көтерді

30 Қыркүйек 2021, 14:18
6193
Бөлісу:
Каспий итбалығы мен киік. Тоқаев бірегей жануарларды сақтау мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

Ірі экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылуын жатқызуға болады. Ол тұз шөлдерінің пайда болуына алып келді. Құм дауылдары атмосфераға тонна тұзды Қазақстан аймағында ғана емес, Орталық Азия елдеріне дейін таратып жатыр. Сондықтан да біз өзбек әріптестерімізбен бірлесіп, Қазақстан тарапында жүзеге асырылатын Арал теңізінің түбінде сексеуілді отырғызу жобасын бастадық, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, сексеуіл отырғызумен 1,5 млн гектар жерді 2025 жылға дейін отырғызу жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Ресейдің флора мен фаунасы өте бай. Осы орайда екі елдің де Қызыл кітабына енген Каспий итбалығын сақтау бойынша шаралар қабылдау қажет. Сондықтан Солтүстік Каспийде мемлекеттік резерваттар құруды қарастыру керек. Біздің елдегі бірегей жануардың бірі - киік. Қазақстан аумағында оларды атуға тыйым салынды, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы