«Рухани жаңғырудың» жаңа жобалары таныстырылды

30 Қыркүйек 2021, 22:43
5332
Бөлісу:
«Рухани жаңғырудың» жаңа жобалары таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Қазақстанның «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының кеңсесінде институт қызметімен және бағдарламаның жаңа жобаларымен танысты.

Кездесу барысында вице-министрге ағымдағы жылдың 9 айында орындалған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары мен жобаларын іске асыру туралы ақпарат ұсынылды.

Сондай-ақ, Болат Тілепов ағымдағы жылы ҚҚДИ іске қосқан жаңа жобалармен танысты. Олардың қатарында өскелең қазақстандықтардың арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтарын қалыптастыру бойынша қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы білім деңгейін және білім беру саласы өкілдерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған «Кемел Болашақ» орталығы» жобасы бар, және де жас қазақстандықтардың моральдық-адамгершілік, сондай-ақ білім беру құндылықтарын ілгерілету үшін сапалы ақпараттық контентті құру бойынша «Ulttyq Tarbie» платформасы да бар.

Кездесу қорытындысы бойынша «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына Болат Тілепов институттың алдағы қызметі мен жоспарлары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Өзгелердің жаңалығы