ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

30 Қыркүйек 2021, 09:51
4735
Бөлісу:
ІІМ ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі ауа райының күрт бұзылу ықтимадығына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бірқатар облыста қар жауып, көктайғақ болады. Осыған байланысты ІІМ жолда барынша абай болуды, егер ауа райы нашарлаған жағдайда көлікпен елді мекендерден тыс жерлерге шығуға шектеу қойылуы мүмкін екендігін ескертеді, - делінген министрлік таратқан хабарламада. 

Сонымен қатар ІІМ жол жүру жылдамдығын және автомобильдер арасындағы арақашықтықты барынша сақтауға кеңес береді.



Өзгелердің жаңалығы