Солярка тапшылығы қолдан жасалмас үшін жанармай бекеттері тексеріледі

30 Қыркүйек 2021, 17:24
19024
Бөлісу:
Солярка тапшылығы қолдан жасалмас үшін жанармай бекеттері тексеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. 

Оның айтуынша, дизотын тапшылығына жол берілмеуі тиіс.

Биыл 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу басталады. Осы уақытша дейін отынның жеткілікті көлемі жиналды. Алайда тамыз айында 519 мың тонна, қыркүйекте 500 мың тоннадан астам дизель отынын тұтынғандықтан қор деңгейі жеткіліксіз болып қалды. Соған байланысты министрлік ірі тұтынушыларға, сондай-ақ автожанармай құю станциясы желілеріне дизотынның жеткіліксіз деңгейін импорттауды ұсынды, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар зауыттардағы жөнелтім жоспарға сай іске асырылып жатқан көрінеді.

Жергілікті атқарушы органдарға – әкімдіктерге жанармай құю стансалары мен мұнай базаларын тексерулерін сұраймын. Себебі кейбіреулер солярканы сатпай ұстап тұрып, кейін үстінен көбірек пайда тапқысы келуі мүмкін. Энергетика министрлігі еліміз дизотынсыз қалмауы үшін бәрін жасайды, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елдегі отын дағдарысының себептерін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы