Министр елдегі отын дағдарысының себебін айтты

30 Қыркүйек 2021, 16:56
2639
Бөлісу:
Министр елдегі отын дағдарысының себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

Сондай-ақ ол отын дағдарысына бірнеше жайт себеп болып отырғанын айтты.

Қазіргі уақытта бізде орын алып отырған отын дағдарысы бір күннің мәселесі емес. Тамыз айынан бастап қорымыз төмендей бастады. Оның үстіне, жинау науқаны қатар келді, салдарынан елде мұнай базаларының қорлары төмендеді, - деп атап өтті Энергетика министрі.
Оның айтуынша, бұған ең алдымен шекаралық немесе шекара маңындағы елдер мен біздің ел арасындағы баға айырмашылығы мәселесі себеп.
Мәселен, солярка бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы айырмашылық 90 теңгені құрайды. Өзбекстан, Қырғызстанмен салыстырғанда айырмашылық 70-80 теңгеге жетеді, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Ведомство басшысы солярка мәселесін шешумен айналысып жатқандарын алға тартты. Сол үшін өзінің орынбасарын Мәскеуге жіберген. Ол Ресейдің Энергетика министрлігімен, зауыттармен келіссөздер жүргізіпті.
Одан соң Ресейден солярка тасымалдай бастадық. Егер 1 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында бар-жоғы 5 мың тонна әкелінсе, соңғы аптада 15 мың тонна импорттық соляркаға қол жеткіздік, - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкіметте елді дамытудың басым бағыттары айтылғандығы туралы жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы