Үкімет елді дамытудың басым бағыттарын атады

30 Қыркүйек 2021, 16:23
1294
Бөлісу:
Үкімет елді дамытудың басым бағыттарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәжілісі барысында Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр хабарлады. 

Оның айтуынша, қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамыту кезінде назар аударатын бірнеше бағыт бар көрінеді.

Үкімет қалалар мен ауылдық елді мекендерді дамытуға назар аударып отыр. Олар: кәсіпкерлікті қолдау, зәкірлі жобаларды іске асыру жолымен экономиканы әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылым құрылысы мен жаңарту, көлік байланысы проблемасын шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру бағыттарын қамтиды, - деп атап өтті Роман Скляр.
Айта кететін жайт, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары қабылданғанын атап өткен болатын. Бұл жоспар орташа мерзімді экономикалық саясатты анықтау мен еліміздегі мемлекеттік бастамаларды жүйелендіру үшін қажет. Осылайша, мемлекет мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты карантин кезінде ішімдікке тәуелділердің саны күрт өскенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы