Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады

30 Қыркүйек 2021, 07:46
1237
Бөлісу:
Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Ұлттық банк номиналы 100 теңгелік JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп жазды aikyn.kz.

Монетаның аверсіндегі орталық бөлігінде Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Жиегінде айналдыра – QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған.

Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар. Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі, орталығында – «Артықша туған азамат» өлеңінің бірнеше жолы орналастырылған. Оң жағында ою-өрнек үзінділерінен жасалған домбыра контурының айшықты бейнесі мен мерейтой датасын білдіретін «175 JYL» жазуы орналасқан.

Монетаны айналдыра JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары, ал төменгі жағында дайындалған жылын білдіретін «2021» жазуы бар. JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана болып дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монетаны Қазақстанда өз құнымен төлем жасауға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Өзгелердің жаңалығы