Ауыл мектептеріне 2 млн теңге сыйға тартылды

30 Қыркүйек 2021, 17:25
14833
Бөлісу:
Ауыл мектептеріне 2 млн теңге сыйға тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұстаздар күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Ел Үміті» жобаларында жоғары нәтиже көрсеткен ауыл мектептеріне 2 млн теңге сыйға тартты.

2 млн теңгенің қаржылай сертификатын Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне берілді.

Мектеп оқушылары «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасында үздік нәтижелер көрсеткен. Жобаға қатысқан 4 мыңнан аса мектептің арасында аталған білім ордасы үздіктер қатарында. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектепте 66 финалист және 21 жеңімпаз анықталды.

Сонымен қатар 2 млн теңгенің сертификаты Солтүстік қазақстан облысы Аққайың ауданы №1 Смирнов орта мектебіне берілді. Білім ордасының 12 оқушысы «Елбасы медалі» жобасына қатысып, қола медальға ие болды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 292 қатысушы қола медаль жеңіп алды. Бүгінде өңір бойынша «Елбасы медалі» жобасына 404 оқушы қатысқан.

Айта кетейік, «Ел үміті» жобаларын Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы Академиясы ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы