Тоқаев өзен суларын үнемді пайдаланудың жаңа әдісін ұсынды

30 Қыркүйек 2021, 14:09
8668
Бөлісу:
Тоқаев өзен суларын үнемді пайдаланудың жаңа әдісін ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумында айтты.

БҰҰ мәліметтері бойынша климаттың жаһандық жылынуына және антропогендік әсерге байланысты 2030 жылға қарай әлемдік су тапшылығы 40%-ға жетуі мүмкін. Қазақстанның су қауіпсіздігі көбіне трансшекаралық өзендердің гидрологиялық және экологиялық жағдайына байланысты. Жайық өзенінің апатты таяздануы мен экологиялық жай-күйінің нашарлауы, тек Қазақстанның ғана емес, Ресейдің де шекаралас өңірлерінің тұрғындары үшін елеулі қатер төндіруі мүмкін, - деді Тоқаев.

Осы орайда Президент Ресей Президентімен Омбыдағы кездесуін еске алды.

Владимир Владимирович, 2019 жылы Омбыдағы кездесуіміздің қорытындысы бойынша Орал өзені бассейнінің экожүйесін сақтау бойынша ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды. Осы үшін мен сізге ризамын. Үкіметтерге осы бағдарламаның орындалуы туралы баяндаманы басты негізде дайындап, оның сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсыруды ұсынамын. Шағын өзендерде бөгеттерді салу мен пайдаланудың орындылығы, сондай-ақ жаңа су қабылдағыштарды ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аудару қажет, - деді ол.

Тоқаев атап өткендей, өзендердің жоғарғы ағысында суды ұтымды пайдалану және оның қайнар көздерінде суды үнемді пайдалану мәселесі ерекше маңызға ие.

Мен біздің аумақта суды үнемді пайдалану мақсатында цифрландыруға көшу міндетін қойдым, - деді ол.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтіп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы