Все новости за 21 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақмолалық полицейлер жалған нөмірлі автокөлікті анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық полицейлер «Автомобиль» іс-шарасы барысында жалған нөмірлі автокөлікті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
ҰҚК «Каспий - Антитеррор-2021» оқу-жаттығуына дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының аумағында ТМД Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін «Каспий - Антитеррор-2021» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастыруды жүргізуде.
-
Браконьерлер мемлекетке 180 млн теңгеге жуық шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Шекарашылар бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бородулиха ауданында көліктері бұзылып орманда қалған 4 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ҰҚШҰ. Ауғанстан мәселесі талқыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (Ұйым құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі 23 тамызда кезектен тыс сессия өткізіп, Ауғанстандағы жағдайды талқылайды. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов айтты.
-
Қазақстан теннисшісі «Челленджердің» финалында жеңілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Люденшайдта (Германия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалында жеңіліс тапты.
-
30 жылда Өзбекстандағы қазақтардың саны өзгермеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстандағы қазақтың саны 32 жыл бойы өспей, шамамен бұрынғы деңгейінде қалған. Бұл жөнінде Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.
-
Университет ғалымдарының кірісі ғылымды дамытуға жұмсалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл шешім бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Директорлар кеңесінің шешімінде айтылды. Бұл туралы университет директорлар кеңесінің төрағасы Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді.
-
Сапарбаев: Шаруалар тракторшы таппай отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды нысандарды аралады.
-
Тоқаев: Қазақстан мен Ресей – одақтас елдер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс сапарымен Мәскеуге барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Еріктілер елордалықтарға вакцинаның тиімділігі туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Астана жастары» ЖРО волонтерлары қала тұрғындары мен қонақтарына вакцинациялаудың маңыздылығы туралы буклеттер таратты.
-
Павлодарда айыппұлы төленбеген 8 көлік қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында 18 тамыздан бастап «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
-
Оқушылар ата-аналарының өтінішімен онлайн режимде оқи алады
Алматы, BAQ.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы оқушылар ата-аналарының өтініші бойынша онлайн оқи алады деп мәлімдеді.
-
Отандық футболшыға ота жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 тамыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында оқу-жаттығу жиынын бастайды.
-
Шымкенттіктердің үйлерін шаян баса бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент тұрғындары үйлеріне және аулаларына сарышаяндардың қаптап кеткеніне шағымданды.
-
Астанада карантин талабын бұзған 10 мекеме анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан, қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауық мекемелерінің әкімшіліктері мен иелері тарапынан санитарлық талаптарды бұзу фактілері жиі анықталып отыр.
-
Меркель келесі канцлер кім болатынын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Германия канцлері Ангела Меркель Христиан-демократиялық одағының төрағасы Армин Лашетті Германияның болашақ канцлері деп атады.
-
Ниеті бар адам мемлекеттік тілді үйреніп алады – Трегубова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы Достық үйінде Қазақстан Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
-
Семейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы пайда болды
Алматы, BAQ.KZ. Желіде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы қалай салынғаны туралы бейне тарады.
-
«Талибан» қозғалысының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар Кабулға келді
Алматы, BAQ.KZ. Сенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулға «Талибан» қозғалысының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар ұшып келді.
-
Тоқаев пен Путин Кремльде кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Елорданың бірнеше көшесінде жол қозғалысы шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен инженерлік желілерді орнату бойынша құрылыс жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматы облысында жүн өңдеу цехы ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Қапал ауылында жүнді өңдеу және ұлттық көрпе жасау бойынша этникалық шеберхана ашылды.
-
Өзбекстанда қанша мектеп қазақ тілінде сабақ беретіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевтың айтуынша, елде 400-дей мектеп қазақ тілінде білім береді. Сонымен қатар, Өзбекстанның 7 жоғары оқу орнында гуманитарлық және техникалық мамандықтар қазақ тілінде үйретіліп жатыр. Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлады.
-
Қаржылық әдеттерді қалай өзгертуге болады?
Алматы, BAQ.KZ. Көпшілік жағдайда айлық табысы бірдей отбасылар әртүрлі өмір сүреді. Біреулер ақшаны жинауы мүмкін, тіпті түрлі қаржы құралдарын пайдалана отырып, қаражатты көбейтеді, ал дәл сондай табыс табатын кейбір отбасы жалақыдан жалақыға деп өмір сүреді. Неге бұлай? Мүмкін, бұл қаржылық әдеттермен байланысты шығар. Fingramota.kz осы мәселені талқылап көрді.
-
Оқушыларға мектепке қажетті бұйымдар берілді
Алматы, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматыда республикалық «Игі істер» және «Мектепке жол» марафондары жүріп жатыр. Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
-
Павлодарда жасөспірім телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда жасөспірім телефон ойнауға рұқсат бермеген әкесін пышақтады, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Жарақат алған ит-мысық арбамен жүретін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украиналық компания жараланған ит-мысықтарға арба жасап шығарды. Бұл туралы «Хабар 24» мәлімдеді. Украинада шамамен 50 мың қаңғыбас ит бар. Көшеде қараусыз жүрген жануарларды көлік қағып кету секілді оқыс оқиғалар жиі болып тұрады.
-
Қарулы Күштер құрамасы «Аттар марафоны» конкурсына дайындықты бастап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің әскери қызметшілері Тывадағы «Қара-Хаак» таулы полигонындағы жаттығуларын бастады. Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде өткізілетін «Аттар марафоны» байқауы 22-29 тамыз аралығында өтеді.
-
Автомобиль жолдары саласында білікті мамандар тапшы – Төлеген Абдуллин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автомобиль жолдары саласына білікті мамандар жетіспейді. Бұл бульдозер, экскаватор, грейдер сияқты техникалардың операторлары. Сондай-ақ, зертханашы, геодезист, бригадирлер мен учаске шеберлерінің тапшылығы да байқалады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин сұхбат барысында айтты.
-
Алматыда вакцина құжаттарын жасаған емхана басшысы ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда емхана меңгерушісі жалған вакцина паспортын сатқаны үшін ұсталды. Бұл туралы almaty-akshamy.kz хабарлады.
-
Елордада теннистен Аstana Оpen ATP 250 халықаралық турнирі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық теннис орталығының корттарында 19-26 қыркүйекте Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
-
Нұр-Сұлтан қаласына ауылшаруашылық өнімдері жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 21 тамыз бен 31 қазан аралығында әр сенбі және жексенбі күндері өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Дәстүрлі жәрмеңкені биыл Түркістан облысының тауар өндірушілер ашады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Тәліптер журналисті соққыға жығып, артынша кешірім сұраған
Алматы, BAQ.KZ. «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары америкалық журналист Маркус Яманы (Marcus Yam) соққыға жыққан, кейін одан кешірім сұрап, су мен энергетикалық сусын берген.
-
Алматылық кәсіпкерлер шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат сұрады
Алматы, BAQ.KZ. Базарлар мен сауда үйлерінің өкілдері қатаң шектеусіз және локдаунсыз жұмыс істегісі келеді. Шектеусіз жұмыс істеу оларға мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы кәсіпкерлер брифингте айтты.
-
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 21 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Алматы мәслихатының депутаты Арманжан Байтасов тұрғындарды вакцина алуға шақырды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы эпидемиологиялық ахуал бойынша «қоңыр қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияға ПТР оң нәтиже берген 1 555 пациент анықталды.
-
Маңғыстау облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының шаруалары қуаңшылықтан зардап шеккен өңірге көмек көрсетуге бастаманы өздері көтеріп отыр.
-
Дәрігер коронавирустан әйелдерге қарағанда еркектер неліктен көп көз жұмып жатқанын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок COVID-19-дан еркектер арасында өлім-жітімнің көп болуы олардағы гормоналды жүйенің ерекшелігіне байланысты деп санайды.
-
Грузияда Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі жаһандық бастамалары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияның Стратегиялық талдау орталығында (GSAC) Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған «Қазақстанның ядролық қарусыз жаһандық әлемге қосқан үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға тек грузин сарапшылары ғана емес, сонымен қатар украиндық сарапшылар да қатысты.
-
Қарағанды облысында автокөлік тонағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында автокөлік тонағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Елде 4,9 млн-нан астам адам екпенің екі дозасын да салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 21 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Вирус жұқтырған 1 920 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 21 тамызда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпарат жарияланды.
-
«Қызыл» аймақтағылардың қатары азаймай тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 21 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Коронавирустан өткен тәулікте 6951 адам жазылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстанда өткен тәулікте 6951 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Бір тәулікте 7117 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7117 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды.
-
Алматының тәртіп сақшылары мотоциклмен жүретін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының тәртіп сақшылары мотоциклмен жүретін болды, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Димаш шығыстық нақыштағы жаңа әнінің тұсауын кесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің тандемі Шығыс нақыштары бар ағылшын тіліндегі жаңа бірегей әнді ұсынды, деп хабарлайды DimashNews.
-
Павлодарда әйелін ұрып өлтірген ер адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелі есінен танып қалғанша ұрып, оған көптеген дене жарақатын салған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Алимент төлемегендерге талап күшейеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Мәжілісінің депутаттары мен заңгерлер еліміздегі алимент төлеушілерді тәртіпке шақырады.
-
Мейрамханалардың қасына полиция бекеттері қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елде карантин режимі сақталмай жатқанын айтты.
-
Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Нилуфар Раимова Уфада күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
-
Тұрғындарды 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістандық тұрғындарды екі миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Әлемдегі эпидахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сиднейде COVID-19 науқастары санының өсуіне байланысты карантин бір айға ұзартылды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Канело абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Наверх