Қазақстан теннисшісі «Челленджердің» финалында жеңілді

21 Тамыз 2021, 21:41
4947
Бөлісу:
Қазақстан теннисшісі «Челленджердің» финалында жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Люденшайдта (Германия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Александр Недовесов украиналық Денис Молчановпен бірге жұптық сынның финалында ағайынды Сабановтармен кездесіп, 4:6, 6:2, 10:12 есебімен жеңіліп қалды.

Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Осылайша, Недовесов маусымдағы жетінші титулын иелене алмады. 

Өзгелердің жаңалығы