Павлодарда жасөспірім телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады

21 Тамыз 2021, 14:13
2610
Бөлісу:
Павлодарда жасөспірім телефонмен ойнауға тыйым салған әкесін пышақтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда жасөспірім телефон ойнауға рұқсат бермеген әкесін пышақтады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияға Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, пәтерде әкесі мен 14 жастағы кәмелетке толмаған баласы арасында жанжал болған. 

Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған. Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыс тіркелген. Полиция азаматтардан балаларымен мұқият және шыдамды болуды, жасөспірімдермен мүмкіндігінше көп сөйлесулерін сұрайды. 



Өзгелердің жаңалығы