Алматы мәслихатының депутаты Арманжан Байтасов тұрғындарды вакцина алуға шақырды

21 Тамыз 2021, 10:50
5850
Бөлісу:
Алматы мәслихатының депутаты Арманжан Байтасов тұрғындарды вакцина алуға шақырды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы эпидемиологиялық ахуал бойынша «қоңыр қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияға ПТР оң нәтиже берген 1 555 пациент анықталды. 

Инфекцияның таралуын азайту мақсатында тұрғындарды тегін вакциналау жалғасуда. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). Сондай-ақ, 1 028 адамнан тұратын 237 вакцинация бригадасы жұмылдырылған. 

Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатының депутаты Арманжан Байтасов алматылықтарды вакциналануға шақырады. 

Мен вакцинаны бұрын алғанмын. Вакцина кез келген аурудан немесе вирустан қорғанудың ең тиімді әдісі деп ойлаймын. Вакцина жасау – бұл жеке жауапкершілік мәселесі, себебі егер сіз вакциналанған болсаңыз, сізде қорғаныш бар: ауырмайсыз және ең бастысы, басқа адамдарға қауіп төндірмейсіз, - деді Арманжан Байтасов. 

А. Байтасов инфекциялық госпитальде көргендерімен де бөлісті. 

Мен ауруханада болдым, оттегі жетіспейтін, дем ала алмай жатқан адамдардың қалай өздерін нашар сезінетінін көрдім. Бұл жағдайға қараудың өзі ауыр. Сондықтан қазір вируспен соғыс жүріп жатқандығын және бізде вакцина деген қарудың барын түсіну керек. Вакцина өзіңді, отбасыңды, достарыңды қорғайды, - деді ол. 

Айта кетерлігі,қазіргі уақытта Алматыда эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Эпидемиологтардың мәліметінше, ең жоғары жұқтыру бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы тұрғындар арасында тіркелген – 35,6%

Өзгелердің жаңалығы