Маңғыстау облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді

21 Тамыз 2021, 10:33
2973
Бөлісу:
Маңғыстау облысына гуманитарлық көмек жөнелтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысының шаруалары қуаңшылықтан зардап шеккен өңірге көмек көрсетуге бастаманы өздері көтеріп отыр. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады.

Олар шөпті жіберетін орынды анықтауды волонтёрлерге тапсырыпты. Ұйымдастырушылар жергілікті фермерлердің ұйымшылдығына тәнті болғандарын жасырмады. Қысқа мерзімде шабылған 250 тонна шөп жиналыпты. Гуманитарлық жүк ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен Маңғыстау облысына екі аптада жетуі тиіс.

Жан-жақтан азаматтар мына жерден шөпті жеткізуге, вагонға жүктеуге, сусын, тамағын әкелуге қолынан келгенше көмегін беріп жатыр. Көмегі тиген барлық адамға алғысымызды білдіреміз. Ұйымдасқан бір жақсы іс болды, - деді ұйымдастырушы Асылбек Туғанбай.

Біздің еріктілер вагондарға тиеп жатқан болса Маңғыстау облысындағы дәл осындай қабылдап алатын, яғни бөлу және түсіру жұмыстарымен айналысатын еріктілермен тікелей хабардамыз. Ол кісілерге осындай шөп дайындап жатқанымызды айтқан болатынбыз. Ол жақта да күтіп отыр, - деді волонтерлердің аймақтық фронт-кеңсесінің жетекшісі Еркебұлан Күнтуған.


Өзгелердің жаңалығы