Елорданың бірнеше көшесінде жол қозғалысы шектеледі

21 Тамыз 2021, 16:15
7745
Бөлісу:
Елорданың бірнеше көшесінде жол қозғалысы шектеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен инженерлік желілерді орнату бойынша құрылыс жұмыстарының басталғанын мәлім етті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Армандастар көшесінде асфальтбетон жабыны төселеді.

Биыл 23 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Армандастар көшесінде Мереке көшесінен Астана-Қарағанды трассасына дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толық шектелетін болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы