Алматының тәртіп сақшылары мотоциклмен жүретін болды

21 Тамыз 2021, 07:46
6353
Бөлісу:
Алматының тәртіп сақшылары мотоциклмен жүретін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының тәртіп сақшылары мотоциклмен жүретін болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Патрульдік полиция мен жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонына қарбалас уақытта жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кептелісті реттеу және жол-көлік оқиғасы болған жерге тез жету үшін 20 КТМ мотоциклі алдыртылды.

Бұған дейін жеке құрам мотокөлікті тізгендеудің арнайы оқуынан өтті. Бұл мотоциклдер, тәртіп сақшыларының айтуынша, өздерінің мобильді болуына мүмкіндік береді, оқиға орнына келуді тездетеді және мегаполис жолдарындағы жағдайды жақсартуға көмектеседі, - дейді полиция.


Өзгелердің жаңалығы