«Талибан» қозғалысының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар Кабулға келді

21 Тамыз 2021, 16:46
7406
Бөлісу:
«Талибан» қозғалысының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар Кабулға келді

Алматы, BAQ.KZ. Сенбі күні Ауғанстан астанасы Кабулға «Талибан» қозғалысының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар ұшып келді.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Барадар «инклюзивті үкіметті» құру үшін бірнеше кездесу өткізбек.

Айта кетсек, тәліптер 15 тамыз күні Ауғанстан астанасын басып алған еді. Үкіметтік әскер іс жүзінде оларға еш қарсылық көрсетпеді.

Ал Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елде азаматтық соғысты болдырмас үшін шетелге ұшып кетті.

Қазір Кабул әуежайынан өзге елдің азаматтарын қауіпсіз жерге жедел көшіру жүргізіліп жатыр. Батыс күштерімен ынтымақтастықта болған мыңдаған ауғандық та елден кетудің жолын іздеуде. 
 

Өзгелердің жаңалығы