Канело абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізеді

21 Тамыз 2021, 00:11
647
Бөлісу:
Канело абсолютті чемпион атағы үшін  жекпе-жек өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Супер орта салмақтағы WBC, WBA Super және WBO чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 6 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді. Канело өзінің әлеуметтік желілерінде алдағы күрес туралы ресми түрде жариялады.

6 қарашада біз Мексика боксын шыңға шығарамыз! Қоржынымда жетіспей тұрған белбеу үшін барамын!, – деп жазды боксшы.
Канело Плантты жеңген жағдайда 168 фунтта абсолютті әлем чемпионы атағына ие болады.




Өзгелердің жаңалығы