Меркель келесі канцлер кім болатынын айтты

21 Тамыз 2021, 17:50
5867
Бөлісу:
Меркель келесі канцлер кім болатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ. Германия канцлері Ангела Меркель Христиан-демократиялық одағының төрағасы Армин Лашетті Германияның болашақ канцлері деп атады.

Берлиндегі сайлауалды жиында сөз сөйлеген ол алдағы сайлауда федералды канцлер қатыспайтынын және мұндай жағдай 1994 жылдан бері бірінші рет болып тұрғанын жеткізді. 

ФРГ-ның 72 жылдық тарихында Христиан-демократиялық одағы 50 жыл бойы федеральды канцлерді үміткер ретінде ұсынып келген.

Меркель Лашеттің жеке қасиеттерін жоғары бағалайтынын, әсіресе халықпен байланыс орнатуда адамның қадір қасиетін бірінші орынға қоятынын атап өтті.

Бундестаг сайлауы 26 қыркүйек күні өтеді. Нәтижесінде жаңа үкімет құрылып, жаңа канцлер тағайындалады. 

Меркель осы сайлаудан кейін саясаттан кететінін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы