ҰҚК «Каспий - Антитеррор-2021» оқу-жаттығуына дайындалып жатыр

21 Тамыз 2021, 23:14
2038
Бөлісу:
ҰҚК «Каспий - Антитеррор-2021» оқу-жаттығуына дайындалып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының аумағында ТМД Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін «Каспий - Антитеррор-2021» бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастыруды жүргізуде.

Техника легінің қозғалысы әскери полицияның алып жүруімен жүзеге асырылады. Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылғы 2 қыркүйекке дейін жалғасады - делінген ҰҚК Шекара қызметінің баспасөзі таратқан ақпаратта.

Оқу-жаттығудың мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау.

Өзгелердің жаңалығы