Семейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы пайда болды

21 Тамыз 2021, 17:04
2929
Бөлісу:
Семейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы пайда болды
PHOTO VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Желіде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы қалай салынғаны туралы бейне тарады.

Семей қаласында салынған муралда ұлт көсемі қолына кітап ұстап тұр. 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің бастамасымен Семей қаласында Әлихан Бөкейханның портреті бейнеленген көркем мурал дүниеге келді. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл. Сонымен қатар биыл көрнекті мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының көсемі, Семей қаласын тұңғыш Қазақ автономиясының астанасы деп жариялаған, еліміздің, шаһардың дамуына мол үлес қосып кеткен халқымыздың ғұлама тұлғасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл.

Мурал Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаеваның идеясымен жүзеге асқан. 

Биыл қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің жетекшісі Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толады. Осыған орай Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті Алаш көсемін еске алып, мурал салуды ұйғарды. Бірнеше ай дайындалдық. Осыған орай, Семей қаласында Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті қайраткер Әлихан Бөкейханның тұлғасына, ел тарихына құрмет ретінде және қаламыздың көркеюіне, абаттануына үлес қосу мақсатында Әлихан Бөкейхан бейнесін қаламыздағы көпқабатты үйлердің біріне көркем мурал түрінде салу бастамасын жүзеге асырды, - дейді Шырын Құрманбаева.


Семейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы пайда болды

Екі-үш ай дайындық және екі жұмаға созылған жұмыс нәтижесінде көркем мурал дүниеге келіп, бүгінде қалалықтарды көз тартарлық көркем бейнесімен қуантуда.
Сонымен қатар университет өз есебінен мурал орналасқан көпқабатты үйдің айналасына жөндеу, абаттандыру, ауласы мен кіре беріс жайларын жарықтандыру жұмыстарын жүргізді. Мурал Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, 15 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынды. Муралды «Erudit Group» компаниясының ұйымдастыруымен кәсіби суретші, мурал салудың шебері Александр Романов орындады, - дейді ректор.

Бұған дейін Семей қаласында Алашорда үкіметінің негізін қалаушы Әлихан Бөкейханға арнап ескерткіш тұрғызылған болатын.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген.

Өзгелердің жаңалығы