ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды

21 Тамыз 2021, 22:27
4203
Бөлісу:
ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бородулиха ауданында көліктері бұзылып орманда қалған 4 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД мәліметіне қарағанда, 20 тамыз күні 4 адам, оның ішінде 1 бала жеңіл көлікпен Новошульба орманшылығы аумағында келе жатқан. Кенет көліктері бұзылып, олар жолда қалыпты. Азаматтар құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Оқиға орнына №21 өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері дереу келіп, жолаушыларды Жаңа Шүлбі ауылына дейін жеткізіп тастаған. Зардап шеккен ешкім жоқ,  - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы