Все новости за 24 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеде ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болған ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде ер адам ойыншық тапаншамен дүкен тонамақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қарағанды облысында шина жасау зауыты ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қарағандыда кеме модельдеу бойынша ел чемпионаты өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеме жасау спорты бойынша Қазақстан Республикасының XXVI чемпионатына Қарағандыға сегіз облыстан командалар жиналды. Шараға барлығы 70-ке жуық адам және жүзден астам кеме үлгілері қатысады, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Швейцарияда шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 маусымда Швейцарияда елде қашықтан жұмыс істеу режимі, көшеде бет пердені кию міндеті алынды.
-
ШҚО-да қонақ үй қызметкерлері вакцина алып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазғы туристік маусымда қонақтардың басым бөлігі қонақ үйлерге келетіні белгілі. Осы ретте ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, туристерді орналастыру орындарының қызметкерлерін кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Altaynews.
-
Елорданың санитарлық дәрігері карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусымдағы хаттамасының негізінде елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Вакцинациялау. Дубайға жолдама ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Жетісу ауданында вакцинаның бірінші дозасын салдырғандар арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама ойнатылады. Бұл туралы аудан әкімі Гүлнәр Көкебаева айтты.
-
Пациенттердің жартысына жуығы емшілерден нәтиже шықпаған соң ғана келеді: Маңғыстауда баланың қолын ампутациялаған хирург
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы аудандарының бірінде тұратын сегіз жасар баланың басынан өткен жағдай дәрігерлерден бастап, жалпы қоғам арасында талқыланып, көпшілікті таңғалдырды.
-
Жаңа жағдайдағы білім беру: NIS-те журналистерге арналған байқаудың қорытындысы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған журналистерге арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды.
-
Ақсулық металлургтер баспаналы болды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. 50-ге жуық ақсулық металлург армандаған пәтерлеріне қол жеткізді. Күтпеген сыйлықты мамандарға Ақсу ферроқорытпа зауытының басшылығы жасаған.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеуден бас тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрілік заттарды кезең-кезеңімен қайта реттеу бойынша жұмыс жүргізуде.
-
Субұрқақтағы балаларды құтқарған студентті марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамдарды құтқарудағы батылдығы үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапанов «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
-
Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде өткен IX халықаралық қауіпсіздік жөніндегі конференция барысында Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің екіжақты кездесуі өтті.
-
Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Балет» театрының сахнасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсаукесер қойылымы өтеді. Либреттоның авторлары – Георгий Ковтун мен Сәкен Нөгербек.
-
Қаланың коммуналды саласын цифрландыратын iShymkent порталы болады – Әсет Әбдіраханов
Шымкент қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болып, мегаполистер қатарына қосылғалы цифрландыру ісі қарқын алды. Әлемнің ақылды қалалары санатына қосылуды көздеген шаһарда цифрландыру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Сонымен Шымкент қаласын цифрландыру жоспары қалай орындалып жатыр? Шымкентті ақылды қалалар санатына кіргізу үшін не істелуі керек? Ақылды қалалар стандарты дегеніміз не? Жалпы Шымкентте цифрландыру неден басталады? Осы және тағы басқа сұрақтарға Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Маратұлы Әбдіраханов жауап берді.
-
«URKER-2021» жүлдегерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық Сыйлығының иегерлері анықталды.
-
Президент «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы іске асырылып жатқан жобалары таныстырылып, холдингтің пандемияға қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндалды.
-
Көшербаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданған шаралардың қазіргі ахуалы талқыланды.
-
Қарағандыдағы «Спасск» полигонында оқытушыларға тәжірибелік сабақтар өткізілді
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы колледждеріндегі бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының біліктіліктерін арттыру мақсатында әскери-техникалық мектепте біліктілік курсы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған біліктілік курсы жалғасын таппақ. Алдағы уақытта орта білім беретін мектептердің БӘД мұғалімдері де осындай курстан өтетін болады.
-
«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық Сыйлығын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.
-
Тіс емдеткеннен кейін қайтыс болған бүлдіршіннің анасы Цойдың жауабына наразылығын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бірнеше күн бұрын елордалық стоматолияда тісін емдеткен қаршадай қыз бір жарым жылдай комада жатып, салдарынан есін жимастан қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме беріп, қыздың ата-анасының стоматологиялық клиникаға ешқандай арызы жоқ екенін айтқан болатын. Дегенмен дәрігер салғырттығынан қаза болған қыздың анасы Анастасия Зеленая Instagram-дағы парақшасында оны жоққа шығарып, шын мәнінде қалай болғанын айтты.
-
ҚазАқпарат «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі «URKER-2021» Ұлттық бәйгесінің жеңімпазы атанды.
-
Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы бар екенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы барын айтты.
-
Алдағы күндері «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Astana FINANCE DAYS 2021» жыл сайынғы конференциясына тіркелу ашылды.
-
Елдегі ең жас министр жастарға тәжірибесімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев министрліктегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
-
Елімізде ет өнімдерін ең көп тұтынатын аймақ анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалғыз тұратын қазақстандық үш айда орта есеппен 36 келі ет өнімін, ал отбасында 5 адамы бар жанұя үш айда 15 келі ет тұтынады екен. Жалпы елімізде ет және ет өнімдерін тұтыну бір жылда 5%-ға қысқарып кеткен.
-
Еңбекшіқазақ ауданында жылына 3,3 млн тонна кен өндірілетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бұғыты таулы аймағында вольфрам кен өндіру зауытының құрылысы бастады. Сирек кездесетін әрі құндылығы жоғары болып саналатын кенді өніруді "Жетісу Вольфрам" ЖШС мен шетелдік инвесторлар бірлесіп іске асыруды жоспарлап отыр.
-
Қызылорда университеті мен ЮНИСЕФ бірлесіп жобалар іске асырмақ
Қызылорда қаласы, BAQ.KZ тілшісі. ЮНИСЕФ "Еріктілер" бағдарламасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен жұмыс істемек.
-
Есмағамбетова ауыл әкімдерінің сайлауы кезінде қандай санитарлық талаптар сақталуы керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.
-
Қазақстан-Үндістан: Екі ел қай салада байланыс орнатқан?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасындағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати Қазақстан пен Үндістан елдері арасындағы дипломатиялық байланыс туралы журналистермен кездесуі кезінде айтып берді.
-
Баланың аяқ-қолы мұздай болуы қандай ауруды меңзейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кішкентай балалардың аяқ-қолы мұздай болып жүруі қалыпты. Себебі нәрестелерде терморегуляция (ағзаның жылу реттеу қабілеті) әлі толық дамымаған болады.
-
Вакцина өндірушілердің оған магнит бөлшектерді әдейі қосатыны қаншалықты рас?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Telegram-чаттарда қазақстандықтар вакциналар құрамында магнит бөлшектер бары екендігі туралы теорияны тағы да таратуда. Бұл жолы «дәлел» ретінде доктор Джейн Рубимен жүргізілген бейне сұхбат алынып отыр, ол магнит бөлшектер вакциналардан мРНҚ-ы адам ағзасындағы жасушаларға «итеру» үшін қажет деп мәлімдеді. Бұл жалған, деп жазды stopfake.kz.
-
ТЖМ әуе паркі екі жаңа тікұшақпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 маусымда Алматы қаласында «№405 авиажөндеу зауыты» АҚ аумағында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ екі тікұшағын беру рәсімі өтті.
-
Тағы бір аймақта вакцинацияланғандардың арасында пәтер ойнатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында «Екпе ал да, екі бөлмелі пәтер ұтып ал» акциясы басталды.
-
Әйтенов дауға айналған ипподром құрылысына қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Ол халық арасында дауға айналған ипподром құрылысына қатысты түсініктеме берді.
-
Тағы бір алматылықтан коронавирустың үндістандық штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың үндістандық мутациясы анықталды.
-
Сайлау науқанында еңбек еткендерге жалақы қалай төленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.
-
Арыстанның күшігімен түскен суретін жариялаған азамат жазалануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева арыстанның күшігімен түскен суретін жариялаған азаматтың жазалануы мүмкін екенін айтты.
-
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көптеген ата-ана балаларға ерте жастан бастап жақсының бәрін беруге тырысады, атап айтқанда, үйірмелерге, секцияларға және қосымша сабақтарға жазады. Бұл қолға алынған дұрыс шешім. Себебі мектепке дейінгі кезеңде дамуды жіберіп алғаннан кейін болашақта күрделі проблемалар туындауы мүмкін. Қазіргі заман нарығында даму орталықтары, клубтар, үйірмелер, секциялар сұранысқа ие. Балалардың жеке қызығушылығын дамытумен айналысатын елордадағы орталықтың бірі - «Замандас21» қоғамдық қоры.
-
Ата-аналар мектеп планшеттерін ломбардқа өткізіп жіберген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» сайты.
-
Ауыл әкімдерінің сайлауына қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК хатшысы Сабила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.
-
Шымкенттегі хайуанаттар бағын жөндеуге бөлінген қаржының бір бөлігі елді мекендерге жұмсалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шымкенттегі әйгілі хайуанаттар бағын жөндеу жұмыстарына қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов жауап берді.
-
Елордалық оқушы Қытай университетінің толық грантын ұтып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Наргиз Шантаева Қытайдың Duke Kunshan университетінен толық білім грантын ұтып алды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ұлыбританияда КВИ-ге қарсы екпе алған тұрғындарға саяхаттауға рұқсат берілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания билігі коронавирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындардың әлем бойынша саяхаттауына рұқсат беруді жоспарлап отыр.
-
Қызылорда облысы халқының 65 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылған
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Былтырғы жылдың көрсеткіші бойынша Қызылорда облысында тұрғындардың 65 пайызы көгілдір отынмен қамтылған.
-
Шымкент биыл cапалы ауызсумен 98%-ға қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сонымен қатар жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету 93%-ға, сапалы электр қуатымен қамту 97%-ға жететін болады.
-
Жерді жалға беру туралы заң Сенаттан қолдау тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында жер қатынастарын дамыту мәселелері туралы заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
-
Жұмысынан айырылған 64 мыңнан астам адам МӘСҚ-тан төлем алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 64,4 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 39,9 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды.
-
Шымкентте биыл бір миллион шаршы метр үй салынады – Әйтенов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының басшысы осылай деді.
-
Шымкенттік кәсіпкерлер 17,8 млрд теңгеге несие алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шағын және орта бизнеске екінші деңгейлі банктер тарапынан осынша көлемде несие берілді.
-
Нұр-Сұлтанда Олимпиада күніне орай урбан-спорт мерекелік фестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Триатлон паркте Халықаралық Олимпиада күніне орай спорттық жарыстар мен ойындар өтті.
-
Шымкент 39 млн АҚШ доллары көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл былтырғыға қарағанда 10,1%-ға артық. ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.
-
«Хабар» Агенттігі» қызметкерлеріне баспаналы болу мүмкіндігін сыйлап, әлеуметтік бағытта алға жылжыды - Ерлан Бекхожин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Журналистер күні қарсаңында «Хабар» Агенттігі қызметкерлеріне үлкен сый жасап, пәтер кілттерін табыстамақ. Бүгіннен бастап олар жуықта елордада бой көтерген «Хабар» түрғын үй кешенінің ресми тұрғындары атанады. «Хабар» Агенттігі АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин қызметкерлерді осындай қуанышқа бөлеген әлеуметтік жоба жайлы айтып берген берді.
-
Шымкент вакцина алудан көш басында тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Елорда індетпен қалай күресуде?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалықтар биылғы жылдың 5 айында 81,89 млн теңге сомасына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Еліміздің бас қаласында коронавируспен күрес аясындағы іс-шаралар қандай? Оған қанша қаражат бөлінді? Олар қандай мақсаттарға жұмсалды? Осы сауалдар төңірегінде жауап іздеп көрдік.
-
Қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы қысқартылмайтын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
-
Сайлауға түсетіндер төлейтін жарна сомасы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК аппаратының сайлау науқанын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ысқақов Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.
-
Үкімет қой экспортына тыйым салу туралы ұсынысты қарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы А. Садырбаевтың тірі ұсақ малдың экспортына толық тыйым салу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі
-
Нығматулин: Nur Otan фракциясы партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды жалғастырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы, Nur Otan партиясы Фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы Фракциясының жиналысын өткізді.
-
Жаппай вакциналау тетіктерін талқылау қажет – Атамекен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Ведомствоаралық комиссияның отырысында COVID-19 таралуын бәсеңдету бойынша ұсыныстар берілді.
-
Әкім болуға ниетті кандидаттарға қандай талап қойылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.
-
Вакцина салып, елордадан 2 бөлмелі пәтер ұтып ал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындары вакцина алу арқылы 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін. Мұны қала басшысы Алтай Көлгінов -дағы парақшасында жазды.
-
Ауыл әкімдерін сайлау науқанында негізгі қызметтерді аумақтық сайлау комиссиялары атқарады – Дауылбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында белгілі болды.
-
Журналистерге арналған «Nur Sunqar» байқауының жеңімпаздары белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында журналистер мен медиа саласының өкілдерін алда келе жатқан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтап, «Nur Sunqar» республикалық конкурсының жеңімпаздарын атады.
-
Петров ауыл әкімдерін тікелей сайлау қалай өтетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында белгілі болды.
-
Берік Имашев сайлау комиссиясының отырысына неге келмеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында белгілі болды.
-
Сенаторлар Есеп комитетінің мүшесін орнында қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында есеп комитетінің мүшесі тағайындалды.
-
Қарабаев автосалондарда көлікке неге сұраныс көп болып жатқанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев айтты.
-
Жоғары соттың үш судьясы сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды.
-
КАМАЗ 25 жыл бойы Қазақстанда өндірілген қозғалтқышты ғана қолданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Марат Қарабаев айтты.
-
Еліміздің 6 өңірі «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
ШҚО-да мал қырылды деген ақпарат жалған – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында аса қауіпті аурудан мал қырылу жағдайлары мүлде тіркелмеген.
-
Жәнібек Әлімханұлы: Мен қазақ стилін көрсетемін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің Лас-Вегасқа келгенін хабарлады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.
-
Жуалы шаруаларның тәжірибесін өзгелер де үйренуі керек
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мал азығын қамдау – ең маңызды мәселе. Өйткені мемлекеттің маңыз берген салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Сол себептен де тауар өндірушілерге барынша қолдау жасалып, түрлі бағдарламалар арқылы көмек берілуде.
-
Елімізде қанша адам КВИ-ға қарсы екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 24 маусым күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Алғашқы экспонат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық Ат туризмі федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан салт аттылар экспедициясы әйгілі Қоянды жәрмеңкесінің орнында отырған Қоянды ауылынан Талды стансасына жолға шықты.
-
Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау туристерді күтеді
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірдегі туризм салысын дамыту үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Демалыс сүйгіш саяхатшылар Балқаш, Қарқаралы және Ұлытау туристік аймақтарында жазғы демалыстарын өткізе алады. Облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Татьяна Аблаева өңірдегі туристік демалыс аймақтарына шолу жасаған болатын.
-
COVID-19. 408 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 маусымдағы ақпаратты жариялады.
-
Вирусты жеңіп шыққан Израиль қайтадан індетпен күреске дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде коронавирус дертін жұқтыру жиілеп барады, деп хабарлайды 24.kz.
-
876 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 876 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 1496 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1496 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Грекияда міндетті маска кию мен коменданттық сағат тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияда 24 маусымнан бастап көшеде міндетті түрде бетперде кию, 28 маусымнан бастап – коменданттық сағат алынып тасталды, деп мәлімдеді сәрсенбідегі брифингте Азаматтық қорғаныс және дағдарысты басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиас, деп жазды РИА Новости.
-
Алматыда «Үйге жол» ізгілік марафоны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара аясында кез келген мейірімді жан иесіз қалған ит-мысықты арнайы орыннан асырап ала алады, деп жазды «Хабар 24».
-
Қазақстан-Ресей шекарасында тауарды заңсыз жеткізу фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауар тұрғылықты мекенжайы жоқ адамның атына рәсімделген. Батыс Қазақстан облысында құны 7 млн теңге болатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз жеткізу фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Шымкентте жыл соңына дейін 20 мектеп пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте жыл соңына дейін 10 222 орынға арналған 20 мектеп пайдалануға берілгелі отыр. Олардың ішінде 4-уі – мемлекеттік, қалған 16-сы – жекеменшік мектептер, деп жазды otyrar.kz.
-
Елордалық волонтерлер COVID-19-ға қарсы вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық волонтерлер штабының еріктілері Abu Dhabi Plaza СОО-дағы вакцинация пунктіне барып, COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Жеңілдетілген несиемен автокөлік беру бағдарламасы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасы тоқтатылды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Байланыс кабелін ұрлаған теміртаулық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байланыс кабелін ұрлаған теміртаулық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Түркияда Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияда Мұқағали Мақатаевтың есімі ұлықталып, «Және қайтып барасыңдар, тырналар» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 24.kz.
-
Қарағанды облысында жұмысшыларды дайындайтын 40 оқу орталығы жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында жұмысшы кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі оқу орталықтарының көмегімен шешілуде. Курс түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастырады, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.
Наверх