Қазақстан-Ресей шекарасында тауарды заңсыз жеткізу фактісі анықталды

24 Маусым 2021, 06:20
1432
Бөлісу:
Қазақстан-Ресей шекарасында тауарды заңсыз жеткізу фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тауар тұрғылықты мекенжайы жоқ адамның атына рәсімделген. Батыс Қазақстан облысында құны 7 млн теңге болатын халық тұтынатын тауарларды заңсыз жеткізу фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

11 маусымда Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктінде тауарды заңсыз жеткізу дерегі тіркелді.

БҚО бойынша МКД-ның қызметкерлері 6 млн 957 мың 481 теңге (1 млн 189 мың 313 рубль) болатын халық тұтынатын тауарлар тиелген қазақстандық компанияның атына тиесілі Ресейден келе жатқан көлікті тоқтатты, – деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Деректерді талдау нәтижесінде қазақстандық компанияның тауар импортына қатысы жоқ екендігі анықталды. 
Ал жалғыз құрылтайшы мен басшы болып саналатын тұлға ұйымның қаржы-шаруашылық қызметіне ешбір қатысы жоқ екені белгілі болды. Ол  ішімдік ішкені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты, – деп жазылған хабарламада.

 Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қосылған құн салығын төлемеу түріндегі бюджет шығыны есептеліпжатыр. Іске қатысы бар күдіктілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы