Ата-аналар мектеп планшеттерін ломбардқа өткізіп жіберген

24 Маусым 2021, 15:18
7053
Бөлісу:
Ата-аналар мектеп планшеттерін ломбардқа өткізіп жіберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» сайты.

Батыс Қазақстан облысында оқушылардың ата-аналары қашықтықтан оқу үшін берілген планшеттерді ломбардқа өткізген.

БҚО білім басқармасы білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Ардақ Еркамешева 2020-2021 оқу жылының басында БҚО мектеп оқушыларын оқытуға республикалық бюджеттен 14 970 ноутбук пен планшет сатып алуға 2 миллиардтан астам теңге бөлінгенін айтты.

БҚО бас санитарлық дәрігерінің шектеулеріне байланысты оқу жылының соңында облыстың 380 білім беру мекемесінің 100 мектебінде балалар қашықтан оқытылды. Дегенмен, оқушыларға 7 233 ноутбук пен планшет берілді. Осы жылдың 25 мамырына қарай олар толығымен қайтарылды, бірақ олардың 83 - і жұмыс істемейтін жағдайда болды, - деп түсіндірді Ардақ Еркамешева.

Сондай-ақ, ол мектеп пен оқушылардың ата-аналары арасында техниканы беру кезінде келісім жасалғанын, оған сәйкес ата-аналар берілген ноутбуктер мен планшеттер үшін жауапты екені айтылған. Егер планшет немесе ноутбук істен шығып қалса, онда ата-аналар орнына сол техникалық сипаттамамен жаңа техника қайтаруы керек.

Көптеген планшет пен ноутбук балалардың ұқыпсыздығынан сынған. Жерге түсіріп алған, үстіне су төгіліп кеткен.  Өрт кезінде планшет өртеніп кеткен жағдайлар да болды. Жағдайы төмен отбасылар планшеттерді ломбардқа өткізіп жіберген жағдайлар да анықталды. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін сот тәртібі бойынша келтірілген шығын көлемі өтелді, - деді Ардақ Еркамешева.  

Өзгелердің жаңалығы