Президент «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

24 Маусым 2021, 18:39
18019
Бөлісу:
Президент «Lancaster Group Kazakhstan» холдингі директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қазақстан Президентіне компанияның спорт, білім беру және экология салаларындағы іске асырылып жатқан жобалары таныстырылып, холдингтің пандемияға қарсы күреске қосқан үлесі туралы баяндалды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Атап айтқанда Берік Қаниев Қасым-Жомарт Тоқаевқа балалар мен жасөспірімдер футболына жан-жақты қолдау көрсету, жаттығу орталықтарының инфрақұрылымын жақсарту және бапкерлер құрамының біліктілігін арттыру мақсатында құрылған «Jas Qyran» футбол лигасының жетістіктері туралы айтты.

Мемлекет басшысына Қазақстандағы инновациялық жекеменшік мектептер желісі – «Quantum STEM Schools» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Аталған оқу орны Сингапур мен АҚШ елдерінің озық тәжірибесі негізінде білім беруді көздейді.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы қаласының экологиясын жақсарту мақсатымен құрылған «AirVision.kz» қоғамдық қорының жұмысы таныстырылды.

Кездесу соңында Президент «Jas Qyran» футбол академиясы бұқаралық балалар спортын, соның ішінде, футболды дамытуда үлгі-өнеге көрсетіп отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы маңызды бастаманың сәтті іске асуына тілектестік білдіріп, «Lancaster Group Kazakhstan» компаниясының әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қосқан үлесіне оң баға берді.

 



Өзгелердің жаңалығы