Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Ол халық арасында дауға айналған ипподром құрылысына қатысты түсініктеме берді.
Жылдар бойы қараусыз қалған жер деп баға берген қала басшысы халықаралық стандартқа сәйкеспейтін нысанды ипподром деп айтуға келмейтінін алға тартты. Оның айтуынша, әңгімеге арқау болған орын 70-шы жылдары бой көтеріп, біраз уақыт жұмыс істеген соң жабылып қалған. Сәйкесінше, салынған уақытта қала сыртында орналасқан ипподром шаһар ортасында қалып отыр. Әрі ол жерге жарысқа қатысу үшін аттарды тасымалдау мүмкін емес көрінеді.
Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2018 жылы ипподромды қала сыртына ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сол себепті біз конкурс жариялап, инвестициялық ұсыныстар алдық. Әкімдік тікелей шешім қабылдаған жоқ. Қоғамдық тыңдау өткізілді. Оның алдында бір ай бұрын ипподромның тағдырына бей-жай қарай алмайтын жандарды шақырып, хабарландыру бердік. Нәтижесінде қала сыртынан ипподром салуға 95% қолдау алдық. Қала тұрғындарынан сауалнама алынды. Депутаттар, журналистер де қамтылды. Бәрінің пікірі тыңдалды, - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Жергілікті тұрғындар арасында өткізілген тәуелсіз сауалнамаға 3000 мың адам қатысқан. Мәселе заңға сәйкес шешілді дейді мегаполис басшысы. Ал жер телімі шамамен 3,5 млрд теңгеге сатылатын болады. Есесіне шымкенттіктерге 2,4 млрд сомасына заманауи стильдегі жаңа ипподром салынатын болады.
Оқи отырыңыз: