Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

24 Маусым 2021, 15:24
7099
Бөлісу:
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?
EX PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Көптеген ата-ана балаларға ерте жастан бастап жақсының бәрін беруге тырысады, атап айтқанда, үйірмелерге, секцияларға және қосымша сабақтарға жазады. Бұл қолға алынған дұрыс шешім. Себебі мектепке дейінгі кезеңде дамуды жіберіп алғаннан кейін болашақта күрделі проблемалар туындауы мүмкін. Қазіргі заман нарығында даму орталықтары, клубтар, үйірмелер, секциялар сұранысқа ие. Балалардың жеке қызығушылығын дамытумен айналысатын елордадағы орталықтың бірі - «Замандас21» қоғамдық қоры.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

BAQ.KZ агенттігінің журналистері аталған орталықта болып, жұмысымен танысып қайтты.

«Замандас21» ҚҚ 2010 жылы құрылған. Сондай-ақ алғашқы отбасылық аула клубы 2011 жылдың 29 сәуірінде ашылды. 

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

«Замандас» клубына көпбалалы, табысы төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, мүгедектігі бар балалар ақысыз қатысады. Үйірмелер 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

«Замандас21» клубында балаларға арналған 30-ға жуық үйірме бар. Атап айтқанда, Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Домбыра, Вокал, Арттерапия, Каратэ, Сөйлеуді дамыту, Шахмат, Будь здоров, Қолөнер, Халықтық қолданбалы өнер, Хореография, Жас техник, Тоғызқұмалақ, Актерлік шеберлік, Қоян-қолтық ұрыс, Робототехника/онлайн бағдарламалау, Бақытты отбасы, Гитара, Жас көшбасшы, Хоккей-футбол, Экология, Жасөспірімдерге арналған клуб, Қазақша күрес, Таэквондо, Кәсіпкерлікке оқыту, Бокс, Асық ату, Цирк өнері және жонглерлік ету.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Қоян-қолтық ұрыс
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?
«Замандас21» клубында жұмыс істеп жатқаныма 4 жылдан асты. Жақында ғана оқушыларым Дәулет Бектас пен Ярослав Резмерица қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында спорт шебері кандидаты разрядын алды. Бұл екі оқушым қоян-қолтық ұрыспен осы клубта ғана шұғылданады. Балалар кәсіби спортшы болмаса да, жеткен жетістіктерін көруге болады. Бұл – олардың алға ұмтылуын көрсетеді. Байқағанымдай, балалар тума талант, - жаттықтырушы Алмаз Мұратов.
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Жаттықтырушының сөзінше, жетістікке жеткен спортшылар клубта екі жыл қатарынан осы спорт түрімен айналысқан. Айтуынша, бұл клубта 236 бала қоян-қолтық ұрыс спортымен айналысады. Солардың бірі - спорт шебері кандидаттары Дәулет Бектас пен Ярослав Резмерица.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Мен «Замандас» клубының оқушысымын. Одан бөлек, жаттықтырушысы деп те айтуға болады. Осы спорт түрімен айналысқан екі жыл ішінде көптеген жетістікке жеттім. Атап айтқанда, спорт шебері кандидаты атандым. Бұл спорт маған ұнайды, өз-өзімді қорғай аламын, бір жағынан хобби ретінде айналыссам да, өмірімнің мәніне айналған спорт болды, - деді 14 жастағы Дәулет Бектас.
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Дәулет бұған дейін грек-рим күресімен, футбол сияқты спорт түрлерімен айналысқан. Ол қоян-қолтық ұрыс спортынан өтетін барлық жарысқа белсене қатысып, жүлделі орындарды алып жүргенін айтты.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Сонымен қатар клубтың үздік оқушыларының бірі - спорт шебері кандидаты Ярослав Резмерица. 16 жастағы спортшы да екі жыл ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізгенін айтты.

Бұл спорт – менің хоббиім, Қызығушылығым жоғары болғандықтан айналысып жүрмін. Сондай-ақ өз-өзіңді қорғауға да үйренесің, - дейді Ярослав.
Таэквондо
2 жылдан бері таэквондомен айналысып келемін. Осы спорт маған қатты ұнайтындықтан клубқа келіп жүрмін. Таэквондодан бөлек, арттерапияға, тіл дамыту, робототехника үйірмелеріне де қатысамын. Арттерапияда сурет саламын, - дейді 8 жастағы Арлен Айтбек.
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Ол сабағынан кейін «Замандас» клубындағы үйірмелеріне келеді. Арлен қазір 2-сыныптан 3-сыныпқа ауысты.

Сонымен бірге Әділ Мазғұтәли есімде 10 жастағы бала да осы орталықтың оқушысы. Ол да Арлен сияқты таэквондомен шұғылданады.


Таэквондаға келіп жүргеніме бір жылдай болды. Осы спортпен айналысқалы жарысқа бір рет қана бардым. ІІ және ІІІ орындарды алып келдім. Бүгін сары белбеуге тапсырамын. Содан кейінгісі - қызғылт сары белбеу. Маған бұл спорт ұнайды. Ол маған күш-қуат береді. Себебі жаттығу кезінде аяқпен көп жұмыс істейміз, - дейді ол.
Таэквонда жаттықтырушысы - Мирас Төлебаев.
Шахмат
Мен бұл қорда жұмыс істеп жүргеніме 8 жыл болды. Бұл клуб қала бойынша 5 жерде ашылған. Осы клубтардың екеуінде шамамен 100 оқушыдай бар. Қазір ең үздік оқушылар жиналған. Бірақ барлығы бірдей келіп жүрген жоқ. Қазір каникул, біразы басқа қалаға демалысқа кетті. Шахматқа келіп жүрген балалардың көбінде бірінші разряд. Біздің клубтың балалары барлық қалалық іс-шараға қатысады. Соның ішінде квалификациялық турнирлер де бар. Одан бөлек, «Замандас» та турнирлер ұйымдастырып тұрады. Себебі, әр ойыншығы тәжірибе керек, - дейді жаттықтырушы.
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Оның айтуынша, қалалық турнирлерге қатысқан оқушылары үнемі алдыңғы орындарды иеленіп жүр. Бұған дейін орталықтың жаттықтырушылары балаларын шахматтан мықты екеніне күмәнмен қараған екен. Себебі олар өз деңгейлерін білмеген. Кейін орталықта ұйымдастырылған турнир кезінде балалар қарсыластырын оңай жеңіп, жоғары және кіші командадағы ойыншылары бірінші орынды алған.

Жаттығу кезінде балалар тек шахмат ойнап қана қоймай, оқытушылар олардың мәдени деңгейін көтерумен де жұмыс істейді.

Мысалы, өзім оқыған кітаптарды оқуды ұсынамын. «Үш мушкетер» немесе одан да басқа кітаптар. Нәтижесінде балалар шахматтан бөлек, үйде кітап көп оқиды, шахматтың тарихына, теориясына қызығушылық танытады, - деп айтты шахмат жаттықтырушысы Құнанбай Сағынаев.
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

 «Замандас» клубында шахмат үйірмесіне келетін балалармен де әңгімелестік. 15 жастағы Асқар есімді оқушы шахмат үйірімесіне не үшін келіп жүргені туралы айтып берді.
№32 мектеп гимназиясында оқимын. Шахмат ойнап жүргеніме 5 жыл болды. Бұл ойын маған өте ұнайды. Алғаш рет келгенімде мимен жұмыс істейтін интеллектуал ойындар ұнайтынын түсіндім. Стратегияны ойластырған ұнайды. Незігі бұл үйірмеге алғаш болып келгендердің бірі – мен, - дейді Асқар Хансуар.
Оның айтуынша, үнемі жеңе беру мүмкін емес. Себебі әр ойын сайын тәжірибе жинақтайсың, нәтижесінде құнды сабақ аласың.
Тоғызқұмалақ
Мен тоғызқұмалақпен айналысып жүргеніме 2 жылдай болды. Қазір жасым 10-да. Түрлі жарыстарға да қатыстым. Бірақ шынымды айтайын, ешқандай орын алған жоқпын, тек сертификат қана алдым. Ол да мен үшін жетістік. Себебі қарсыласымның тәжірибесін үйрендім, өзімнің қателігімді түсіндім, өзіме сабақ алдым, - деп айтты Жұлдыз Асан.
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

10 жастағы «Замандас» мүшесі тоғызқұмалақтан бөлек, арттерапия, ағылшын тілі, вокал, домбыра, би, актер өнері сияқты үйірмелерге қатысып, үлгеріп жүр.

Көбі неге көп үйірмеге барасың? Қалай үлгеріп жүрсің деп сұрап жатады. Бірақ өзіме бәрі ұнайды, жаңа дүниені, білімді үйренгім келеді, - дейді ол.
Арттерапия
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Бұл үйірмеге дені сау баламен қоса, аутизм, ДЦП диагнозы бар балалар да қатысады. Мұнда сабақты Күлдірайхан Жүнісбекова өткізеді.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Бастапқы кезде аутизмі бар балалармен жұмыс істедім. Кейін елімізде инклюзия енгізілгеннен соң, осы клубқа жұмысқа шақырылдым. «Ерекше» балаларға да осындай үйірмелер қолжетімді болуы үшін жұмысты бастадық. Үйірмеге Даун синдромы, дамуында кідірісі бар балалар да келеді. Негізі барлық нәрсе үлкендердің басында. Сол себепті алдымен ата-аналарымен сөйлесеміз, - дейді ол.

Бұл үйірмеге келген балаларға жаттықтырушылар алдымен «ерекше» балалар туралы айтады. Кейін оларды бір-біреуден топқа қосады. Айтуларынша, балалар да бәрін түсінеді.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Мысалы, Жұлдыз есімді оқушым бар. Ол – менің көмекшім, «ерекше» балаларға көмектескенді ұнатады. Балалармен бірге экскурсияға барамыз. Аутизмі бар балалар да бізбен бірге барды. Дамуында кідірісі бар балалар үлкендерден емес, өздері қатарлы балалардан тез үйренеді. Біздің клуб осындай баласы бар отбасыларда да барлығында сияқты қарапайым өмір болғанына септігін тигізеді.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Локдаунға байланысты топта әр сағат сайын 10 баладан келеді және оның біреуі «ерекше» бала.

Актерлік шеберлік
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Актерлік шеберлік үйірмесіне қатысатын балалар да өздерінің айналысып жүрген жұмыстары туралы айтып берді.

Олардың біріне үйірмеге қатысқанына 4 жыл болса, енді біріне 2 жыл, тағы біріне 7 жыл болған.

Жас актерлердің айтуынша, оларға бұл үйірме ұнайды. Өздерінің таланттары ашылғанын байқаса, бірі тұйық мінезінің өзгергенін айтты.

Бұл актерлер түрлі іс-шаралар, концерттер өткізеді. Жақында ғана олар қойылым қойған. Оның сценарийін де өздері жазған.

Қойылымды «Астана» концерт залында ұсынған.

Домбыра
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?
Домбыраға ұлттық аспабымызда ойнаған ұнайтындықтан келіп жүрмін. Қазір шамамен 40-тан аса күйді ойнай аламын. Үйірмеге мектептен кейін күнде келуге тырысамын. Қазір 10-сыныпқа көштім, - дейді 14 жастағы Мария Серік.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Мария домбырадан бөлек, би, ағылшын, дебат сияқты үйірмелерге де қатысады.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

«Замандастағы» қызметіме 6 жылдай болып қалды. Мұнда әр түрлі балалар бар. Оның ішінде көпбалалы отбасыдан шыққан, асыраушысынан айырылған балалар да бар. Өз тәжірибемде 60-тан аса оқушыға білім беремін. Алғаш келген кезде оқушылар өздеріне сенімсіз болып келеді. Олардың барлығымен теңдей жұмыс істейміз, - дейді музыка оқытушысы Жанар Рамазанова.
Бұл үйірмеге қатысушылар түрлі концерттерге шақырту алып жүр. Олар өздерін сахнада қалай ұстауды біледі. Оқушылар түрлі конкурстардың лауреаттары.
«Замандас 21»
Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Сондай-ақ «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшынова мекеменің жұмысы туралы айтып берді. Ләззат ханым орталықтың негізін қалаушы.

Алғаш бұл орталықты «Замандас» атауымен ашып жатқанда басқа да «Замандас» деген клуб көп болды. Сол себепті «Замандас 21» деп атадым. 21 – бұл ХХІ ғасыр. Өзім 18 жылдай білім саласында жұмыс істегенмін. Сондықтан жаңа бір дүниені жасағым келді. Нәтижесінде осы орталықты аштым, - дейді ол.

Оның айтуынша, қоғамдық қор 2010 жылы ашылды.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

«Замандас» отбасылық аула клубтары - көптеген баланың бос уақытын ұйымдастыру және кәсіптік бағдар беру арқылы осы мәселені шешуге бағытталған жоба.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Замандас» отбасылық аула клубтары халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтардың 2 500-ден астам балалары Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 аула клубына қатысады. 

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Мұнда олар қосымша білім алып, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге қатысады. 

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Сонымен қатар 2013 жылдан бастап клубтардың жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау көрсетіп келеді.

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Таэквондо, шахмат, домбыра, арттерапия: Бала бос уақытында немен айналысады?

Өзгелердің жаңалығы