Пациенттердің жартысына жуығы емшілерден нәтиже шықпаған соң ғана келеді: Маңғыстауда баланың қолын ампутациялаған хирург

24 Маусым 2021, 21:05
8995
Бөлісу:
Пациенттердің жартысына жуығы емшілерден нәтиже шықпаған соң ғана келеді: Маңғыстауда баланың қолын ампутациялаған хирург

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы аудандарының бірінде тұратын сегіз жасар баланың басынан өткен жағдай дәрігерлерден бастап, жалпы қоғам арасында талқыланып, көпшілікті таңғалдырды. 

Newtimes.kz сайтының мәліметінше, халық емшісінің сәтсіз емделуінен кейін, дәрігерлер баланың қолын ампутациялады. Ең сорақысы, кішкентай баланың анасы сынақшыны жауапқа тартқысы келмейді. Әйел мұны тағдардың салғаны деп, жабулы қазан жабулы күйінде қалсын деп отыр. Бір қызығы осыған ұқсас жағдайлар ел арасында жетіп артылады.  

Кәмелетке толмағанға операция жасаған хирургтың айтуынша, ауруханаға келетін пациенттердің жартысы дәстүрлі медицина саласындағы емшілердің «емінен» кейін келіп жүгінетіндерін айтты. 

Екі апта бұрын бала велосипед теуіп жүріп, құлап, қолын жарақаттаған. Оны ауруханаға апарудың орнына, ата-анасы жергілікті халық емшісі-сынақшыға апарады. 

Балам велосипед теуіп жүріп, қолын жарақаттап алады. Біз жақын жердегі емшіге бардық. Қолын таңып берді де, үш күннен кейін келу керек деді. Үш күн өткен соң қайта бардық. Ол баламның қолын тексеріп, қолын қайта таңып, 21 күннен кейін келесіңдер деді. Біз баламыздың қолы көгеріп тұрғанын айтып едік,  емші барлығы жақсы, қайта беріңдер деді. Баланың тәбеті жақсы болды, ойнап жүрді. Біз барлығы жақсы болып келе жатқанына қуандық. Кейін ол саусақтарын сезбейтінін айтты. Біз қайтдан емшіге бардық. Ол жақпа май жағыңыздар, барлығы жақсы деді, -  деді әйел жергілікті басылымдардың біріне. 

Бірақ жақпа май да, басқа шаралар балаға көмектеспеді. Анасы баласын  облыстық балалар ауруханасына апарған кезде, ол тым кеш болған. Баланың қолын ампутациялаған. 

Егер баланың ата-анасы бастапқыда бізге жүгінсе, баланың қолын ампутициялауға жол бермес едік. Әдетте, балалар осындай жарақатпен келгенде екі-үш күн ішінде қажетті емдеуді жүргізіп, пациенттерді үйге жібереміз. Дәрігер ретінде дәстүрлі медицинаның орнына, емшілерді жағалап кететіндерді түсінбеймін.Адамдарға қанша айтқанмен, олар өз дегендерімен жүреді. Олар алдымен емшілерге барып, олардан нәтиже шықпаған соң,бізге жүгінеді. Пациенттердің тең жартысы емшілерге барғаннан кейін, нәтиже шықпай, жақындарына ем қонбаған соң барып қана бізге келіп жатады, - деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының хирургі Құрман Қайранов.

Өзгелердің жаңалығы