Ауыл әкімдерін сайлау науқанында негізгі қызметтерді аумақтық сайлау комиссиялары атқарады – Дауылбаев

24 Маусым 2021, 11:33
1128
Бөлісу:
Ауыл әкімдерін сайлау науқанында негізгі қызметтерді аумақтық сайлау комиссиялары атқарады – Дауылбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында белгілі болды.

Сайлау науқаны кезінде негізгі қызметтер тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жүктеледі. Әкімдерді сайлау кезінде ОСК әдістемелік құжаттарды әзірдейді. Сайлауды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Облыстық сайлау комиссиялары сайлауға дайындық пен өткізеді. Аудандар мен ауылдардың сайлау комиссиялары сайлауды тағайындап, ұйымдастырады. Кандидаттарды тіркейді, кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, куәлік береді, - деді ол.

Дауылбаев БАҚ-қа да осы деңгейдегі сайлау комиссиялары жүзеге асыратынын айтты.

Сайлау қорытындыларын шығарып, әкімдерді де тіркейді. Дауыс беру бойынша өтініштер мен шағымдарды қарайды. Учаскелік сайлау комиссиялары сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. Сайлау учаскелерінде қажетті шараларды өткізеді. Сайлаудың өтетін күні мен уақыты туралы жариялайды, - деді Дауылбаев.

Оның айтуынша, сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайтынын айтты.

Жұмыс істеп тұрған әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өткізеді. Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сайлау тағайындалған күннен бастап бір мерзімде өткізіледі. Жалпы науқан ұзындығы – 1 ай, ұсыну үшін – 2 апта, тіркеу кезеңі 10 күн бұрын аяқталады. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған кейін сайлауға дейін 15 күн қалғанда беріледі, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы