Шымкент 39 млн АҚШ доллары көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады

24 Маусым 2021, 13:16
3853
Бөлісу:
Шымкент 39 млн АҚШ доллары көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл былтырғыға қарағанда 10,1%-ға артық. ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді. 

Биыл ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. 12,8 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,2%-ға өсім көрсетті. Сала бойынша 39 млн АҚШ долларына экспорт жасалды, - дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов. 
Қала басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етуді басты мақсат еттік дейді.

Осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақты іске асыру қолға алынған. Оның бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені болса, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы.

Екі агроөндіріс аймағының құжаттамасы сараптамадан өткен соң, құрылыс жұмыстары басталады.

Бұған дейін қала әкімі Шымкент вакцина алудан көш басында тұрғанын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы