Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі

24 Маусым 2021, 19:10
4726
Бөлісу:
Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Астана Балет» театрының сахнасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсаукесер қойылымы өтеді. Либреттоның авторлары – Георгий Ковтун мен Сәкен Нөгербек.  

Қос ғашықтың ауыр тағдыры бейнеленетін хореографиялық қойылымға қазақтың лиро-эпостық дастаны арқау болған. Ұлттық биді классикалық балет пен заманауи техникамен үйлестірген балетмейстер ұлттық бояуы қанық, хореографиялық өрнекке бай туындыны ұсынып отыр. 

Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі

Мен классикалық стильді ұстанамын. Бірақ спектакль қойғанда хореографиялық өнердің барлық түрін қолданамын. Яғни, бұл классикалық би, халық хореографиясы, акробатика, модерн болуы мүмкін. Спектакль мозаика іспетті. Мен өзіме қажет бояуды қолданамын. Мысалы, бұл базар сахнасы болса, онда мен қазақ халық хореографиясын қолданамын. Егер тылсым күш, ғажайыптар сахнасы болса, гротеск пен акробатиканы құп көремін. Құстарды бейнелесем, бұл романтикалық, жеңіл, әсем, әуезді дүние болуы тиіс, - дейді қоюшы-хореограф Георгий Ковтун.
Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастаны - романтикалық эпостардың жауһары. Бір-біріне ынтызар болған қос ғашықтың тағдырын суреттейді. Жырдағы кейіпкерлер бейнесі, сезім, қасірет, өзге де оқиғалар тізбегі ұлы махаббатты арқау етеді. Кейіпкерлердің іс-әрекеті де ұлы сезімге бағыну арқылы өрбиді. 

Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі

Балетте халық ауыз әдебиетінің жарқын туындысы авторлық көзқараспен сабақтасып отыр. Қос актілі балет көрерменге феодалдық қауымның қатаң заңына бағынбаған махаббат оқиғасын ұсынады. Балеттің негізгі сюжеттік желісі үш кейіпкер – Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – Қодардың ара-қатынасынан туындаған. Балеттің хореографиялық лексикасы осыған сүйенеді. Жақсылық пен жамандық, махаббат пен өшпенділік, адалдық пен сатқындық – қойылымның негізгі өзегі. 

Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі

Қоюшы-балетмейстер Георгий Ковтун ұсынған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - классикалық және заманауи балеттің жарқын үлгісі болары сөзсіз.

Елордада «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінің тұсауы кесіледі

Премьера тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен қала күнінің аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы