Қарағанды облысында шина жасау зауыты ашылады

24 Маусым 2021, 23:18
2072
Бөлісу:
Қарағанды облысында шина жасау зауыты ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқар Мамин Қарағанды облысында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Премьер-министр Саран қаласында әлемдегі ең ірі автобус өндіруші компанияның автобус және арнайы техника өндіру желісінің ашылуына қатысты. Үкімет басшысы «Саран» индустриялық аймағының дамуымен, оның ішінде шина өндіру жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты. Зауыттың қуаттылығы бірінші кезеңде жыл сайын 3,5 млн көп бейінді шина, кейіннен жылына 9 млн шинаға дейін жеткізіледі. Кәсіпорын шина импортын алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте өнімнің 40%-ын экспорттау көзделген. Жобаны 2022 жылдың IV тоқсанында іске асыру жоспарланған.

Бұл зауыт жылына 3 миллион тонна жеңіл және жарты миллион тонна жүк шиналарын шығаруға жасақталған. Бұл тауарлар негізінен ішкі нарықтың және Кедендік одақ елдерінің қажеттілігін қамтиды. Жобаға 125 миллиард теңге инвестиция тартылған. Біз өз тиімділігін көрші елде дәлелдеген өндіріс технологияларын пайдаланып, заманауи өндіріс жасауға дайынбыз, – дейді «Татнефть» ЖАҚ құрылыс жобаларын іске асыру жөніндегі басқармасының жобалау қызметінің басшысы Рамиль Абдрахманов.

Өзгелердің жаңалығы