Жәнібек Әлімханұлы: Мен қазақ стилін көрсетемін

24 Маусым 2021, 10:10
6383
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы: Мен қазақ стилін көрсетемін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің Лас-Вегасқа келгенін хабарлады. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.

26 маусымда спортшы бұрынғы WBA Regular әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жекке шығады.

Біз Лас-Вегастамыз. Сенбіде Вегаста үлкен жаңалық болайын деп тұр және бүкіл әлем бұл туралы білетін болады. Вегаста не болып жатқандығы Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ стилін көрсетемін, - деп жазды Жәнібек Тwitter-де.

Нұр-Сұлтан уақыты бойынша Әлімханұлы-Брант жекпе-жегі 27 маусымда таңғы сағат 8-де басталады.


Өзгелердің жаңалығы