Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы бар екенін айтты

24 Маусым 2021, 17:52
3825
Бөлісу:
Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы бар екенін айтты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы барын айтты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ішінде мемлекетімізбен бірге медиа саласы да жаңару, даму кезеңінен өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде тек 407 ақпарат құралы болған. Соның ішінде 2 телеарна ғана болса, қазір олардың саны 4,5 мыңнан асты. Бір ғана Qazaqstan телеарнасы құрамына 5 республикалық, 14 өңірлік телеарна және 4 радио кіретін алып корпорацияға айналды. Ұлттық медиа тарихында тұңғыш рет балалар арнасы Balapan, спорт арнасы Qazsport, көрермендердің көзайымы болған Abai арнасы іске қосылды. Құрамында тәулік бойы жаңалық тарататын «Хабар 24», 10 миллион көрермені бар «Еларна», әлемнің 120-дан астам еліне хабар тарататын «Қазақ тв» арналары бар «Хабар» агенттігі ірі медиа болып отыр, - дейді министр.
Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы бар екенін айтты

 Оның айтуынша, жалпы ел аумағында қазіргі кезде 181 телеарна, 79 радио, 790 ақпараттық агенттік бар.

Осынау қайнаған ақпараттық кеңестікте шыңдалған журналистер арасында бәсеке қашанда жоғары. Биыл бесінші рет өтіп отырған «Үркер» бәйегесі баспа, радио және интернет және фото журналистика саласындағы жаңа есімдерді анықтайтын бірегей жобаға айналды. Жыл сайын өзіндік қолтаңбасы бар талантты тұлғаларды халыққа танымал етіп келеді. 2017 жылдан бастап «Үркер» ұлттық бәйесінде 2830 жоба қаралып, оның 55-і жүлдеге ие болды. Биылғы байқауға 340 өтініш түсті. Оның қай-қайсысы да биік марапатқа, жеңісті жүлдеге лайық. Дегенмен, сайыс болған соң, оның жеңімпазын анықтау заңдылық. Әрбір еңбектің өтеуі болуы тиіс. Биылғы шарада осы ниетпен ұйымдастырылып отыр, - деді Аида Балаева.
Аида Балаева елімізде қанша ақпарат құралы бар екенін айтты


Өзгелердің жаңалығы