Все новости за 20 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Шымкентте республикалық «Наурыз» айтысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Ұлыстың ұлы күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Жүрсіннің жүйріктері, Сәбиттің сәйгүліктері», «Наурыз, гүл көктем, жыл басы» атты республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.
-
Ел бюджетінен әлеуметтік көмекке қанша қаражат жұмсалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Депутаттар баласы бар отбасыға аналық капитал беру мәселесін тағы көтеріп жатыр.
-
Павлодарда «Көрпе Fest» этнофестивалі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Көрпе Fest» этнофестивалінің қорытындысы шығарылып, өңірдің үздік қолөнершілері марапатталды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жазылды.
-
Түркістанды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтитын арнайы жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы 264 ауылдың 74-ті жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмаған, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Жойқын жер сілкінісі салдарынан Жапонияны цунами басуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Үкіметі биіктігі 1 метрге жететін цунамиден қорғау мақсатында 7 мыңға жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялайды.
-
Тараз тұрғындарына 90 пәтердің кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз қаласының 15-шағын ауданында 45 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстады.
-
Кезекте тұрғандарға жеңілдікпен берілетін баспана салынады – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жеңілдікпен салынатын баспаналар мәселесі қандай жолдармен шешіліп жатқанын мәлім етті.
-
Бекшин: Егде жастағы адамдар үйден шықпағаны дұрыс
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауды өтінді.
-
Басқарма: Осылай жалғаса берсе, COVID-19-дың үшінші толқынына тап болуымыз мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған реанимациялық және инфекциялық төсек-орындары толып жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанға жаңа автобустар келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалықпен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
-
Тәжікстан Душанбе-Алматы рейсін қайта іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Сомон Эйр» әуе компаниясы Душанбе-Алматы әуерейсін қайта іс қосты, деп жазды centralasia.media.
-
Бекшин: Қала бойынша КВИ жұқтырғандардың дені – жастар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың таралуына байланысты жаңа қаулы қабылдаған Жандарбек Бекшин брифинг барысында осылай деді.
-
Бекшин Алматыда қатаң шектеу шаралары қолданылатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитары қалада коронавирусқа байланысты қатаң шектеулер енгізілетінін айтты.
-
Үстел теннисі: Анастасия Лаврова Токиоға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Лаврова Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Қорғаныс министрі жауынгерлердің дайындығын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Генерал-лейтанант Нұрлан Ермекбаев Алматы мен Гвардейск гарнизондарындағы танк және десанттық-шабуылдау бригадаларының жауынгерлік даярлық барысымен танысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
-
Саттарханов турнирі аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасында кезекті халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Тоқаев бірнеше заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Назым Қызайбай ұлттық құрамадағы проблемалардың бетін ашты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Түркиядағы халықаралық жарыстың ширекфиналында үндістандық Нихат Зариннен жеңілген соң мәлімдеме жасады. Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында 27 жастағы спортшы Қазақстан құрамасындағы проблемаларды айтты.
-
Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің фейсбуктегі парақшасында облыс жұртышылығын келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.
-
Димаштың «KIELI MEKEN» әні жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет қаңтар айында «DIMASH DIGITAL SHOW» ондайн концертінде орындалған «KIELI MEKEN» композициясында рок және фолк жанрларының үндестік тапты. Әншінің ютуб каналында ол 1,2 млн қаралым мен 7,5 мың лайк жинап үлгерген.
-
«Әскер барысы-2021» жеңімпазы анықталды
Алматы қаласындағы Армия орталық спорт клубының базасында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен «Әскер барысы» титулына іріктеу турнирі аяқталды.
-
«Жасыл энергия» тұжырымдамасын енгізу барысы талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күні бұрын мен Shell компаниясының вице-президенті Джоанна Кунсбергпен кездестім. Кездесу барысында біз серіктестікті нығайту және компаниясының Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Асқар Жұмағалиев.
-
Әлем елдерінің басшылары Тоқаевқа құттықтау жолдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ресейдегі отандастар Наурызды тойлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отандастар қоры» КЕАҚ пен Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығы бірлесіп, отандастармен «Наурыз» ұлттық мерекесін тойлау ұйымдастырылды.
-
Мереке күндері «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті жұмыс істемейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді. Шектеулер Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамының тойлануымен байланысты, деп хабарлайды Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Шығыс Қазақстанда қатты жел құс фабрикасының шатырын ұшырып жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Глубокое ауданында қатты жел құс фабрикасының асханасы ғимаратының шатырын ұшырып жіберді.
-
Қазақстандық жас теннисшілер Минсктегі турнирде жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Әмір Омарханов пен Зара Дәркен жұптық сында 13-19 наурыз аралығында Минскіде «Tennis Europe Junior Tour» сериясы бойынша жаөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
-
Түркиядағы алаңға Абай есімі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамы қарсаңында Ыстамбұлдағы алаңға Абай Құнанбайұлының есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді, деп жазды 24.kz.
-
Шығыс Қазақстанда бір аптада 200-ге жуық қылмыс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-18 наурыз аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, 200-ге жуық қылмыс ашылды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Тоқтар Серіктің анасы қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы әнші Еркін Шүкімән Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Нығматулин: Наурыз мейрамы – рухани бірліктің символы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді.
-
Шығыс Қазақстанда жаңа туған сәбилерге ұлттық киім сыйға тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз аудандық ауданаралық ауруханасында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамына орай туылған нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға берілді және жаңа босанған аналарға денсаулығын тез нығайту мақсатында ұлттық сусын Наурыз көже таратылды, деп жазылды Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің инстаграм парақшасында.
-
Сұлтанов: Қазақстанда өте жақсы стандарт бар, ол – достық
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
-
Қорғаныс министрі қазақстандық бітімгерлермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Қорғаныс ведомствосының басшысы Алматы және Жамбыл облыстарына жұмыс сапарымен барады.
-
Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады, деп жазды Үкіметтің ресми сайты.
-
Наурыз көже. Мерекелік фудблог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де жақындап қалды. Қазақстандықтардың басым бөлігі Наурыз көже жасаудың қамына кірісіп кетті. Байтақ елімізде көжені әзірлеудің алуан түрі бар. Біреулері көжені сүтке дайындаса, басқалары айран қосады. Осы ретте еліміздің әр өңірінің тұрғындары көже әзірлеудің қай тәсілін қолданатынын зерттеп көрдік.
-
Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық турнир аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласында бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасында кезекті халықаралық турнир аяқталды.
-
Моңғолия «Sputnik V» вакцинасын өндіруге ниетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия президенті Баттулга Халтмаагийн Моңғолиядағы Ресей Федерациясының елшісі Искандер Азизовты қабылдап, елде коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина өндіруге ниетті екенін білдірді, деп жазды centralasia.media.
-
Үш облыстың жолы жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарына шектеу қойылды.
-
Елордада қала маңына қатынайтын барлық автобус тоқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) қала маңына қатынайтын барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
-
Көкшетаулық сәнгер қазіргі заманға лайықталған ұлттық киім тікті
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз мейрамы қарсаңында Көкшетаудағы «Ақай» сән үйінің директоры, сәнгер, көпбалалы ана Ғалия Алдабергенова ұлттық нақыштағы «Тенгри» киімдер топтамасын көпшілік назарына ұсынды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер отандық сән индустриясын дамытуға өз үлесін қосып келеді.
-
Коронавирус: Елге анықтамасыз 412 жолаушы келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.19 наурызда елімізге ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Елордада екі автобус жол көлік оқиғасының себепкері болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен тәуілікте елордада 87 жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кешіктірілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Метеожағайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Артефактілер ежелгі аспазшылардың құпияларын ашуға көмектеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қола және ерте темір дәуіріндегі диеталар қандай болды. Мұны ғалымдар ежелгі керамикадағы тамақ қалдықтарының изотоптарын зерттеу арқылы анықтайды.
-
COVID-19. 3 өңір «қызыл», 4 өңір «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Атырауда этномәдени орталықтар Наурыз мерекесін тойлады
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда этномәдени бірлестіктер Наурыз мерекесін тойлады. «Достық» үйінде киіз үй тігіліп, қазан асылып, кең дастархан жайылды. «Қазақстанда тудық, қазақтың барлық салт-дәстүрін құрметтейміз, ал Наурызды ерекше тойлаймыз» деген өзге ұлт өкілдері құшақтасып көрісіп, думандатты.
-
COVID-19 белгілері бар пневмонияның 46 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 20 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
Коронавирус: 64 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 20 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Ақтауда жүк көлігін жолға тастап қашқан жүргізуші іздестірілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда жолдың жиегіне жүк көлігін тастап кеткен жүргізуші екінші тәулік іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
-
Өткен тәулікте 819 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 819 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Президент: Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстық ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
-
Елімізде өткен тәулікте 1310 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1310 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
-
Шымкентте Егемен Қазақстан, Ана тілі, Жас алаш көшелері пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде 325 көшеге атау берілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
-
7 529 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді – Қызылорда облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада жыл басынан бері 7 529 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді.
-
Ақмола облысында алимент төлемеген 15 борышкердің автокөлігі тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолада алимент төлемей жүрген 135 безбүйрек ата-ана жауапкершілікке тартылды. Тек осы жылдың соңғы екі айында ғана облыс бойынша алимент төлеуден жалтарған 85 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, үшеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал тағы 47 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.
-
Алматыда қазақ күресінен «Әскер барысы» анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бесінші рет ұйымдастырылған сынға еліміздегі барлық күштік құрылымдардан 28 балуан қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қарағандыда өндірістік альпинизм мектебі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыдағы №1 тау-кен өндірістік колледжінде өндірістік альпинизм мектебі өз жұмысын бастайды. Бұл жобаны «АльПромТрейд» компаниясы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҒЗТКЖ тобының және Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының қолдауы арқасында жүзеге асыруда.
-
Шымкентте инсульт орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте №2 қалалық аурухана базасында жоғары мамандандырылған инсульт орталығы мен ангиография бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Жазасын өтеушілерге есірткі жеткізбек болған қызылордалық ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЗК-169/5 мекемесінің бақылау-өткізу пункті арқылы жалпы салмағы 67,62 гр. марихуана өткізбекші болған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Оралда бадминтоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бадминтоннан Оралда 2009 жылы туған спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
ШҚО-да 3 мыңнан астам адамға вакцина егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцина егудің екінші кезеңі жүргізілуде. Вакцинацияның екінші кезеңі 4 наурызда басталған. Қазіргі уақытта 3114 адамға вакцина егілді. Бұл туралы altaynews.kz жазды.
Наверх