Жойқын жер сілкінісі салдарынан Жапонияны цунами басуы мүмкін

20 Наурыз 2021, 21:54
2694
Бөлісу:
Жойқын жер сілкінісі салдарынан Жапонияны цунами басуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Үкіметі биіктігі 1 метрге жететін цунамиден қорғау мақсатында 7 мыңға жуық жергілікті тұрғынды эвакуациялайды.

The Japan Times хабарлауынша, Жапонияның Мияги елді мекенінде магнитудасы 7,2-ні құраған жер сілкінісі болды. Салдарынан елді цунами басты.

Белгілі болғандай, жер сілкінісінің ошағы теңіз жағалауынан 60 шақырым тереңдікте болған. Ал цунамидің биіктігі 1 метрге жеткен.

Үкімет жеті мыңға жуық адамды эвакуациялай бастады.

Цунамиге байланысты Ватари қаласының басшылығы 2527 үй мен 6911 тұрғынды эвакуациялау жөнінде бұйрық шығарды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар теңізге жақын жатқан тұрғындарға биіктеу жерге көшу жөнінде ескерту жасалды.

Жер сілкінісінің дүмпулері Жапонияның Кесонума, Томи, Курихара, Ишиномаки, Осака, Сендай, Сенан аудандарында сезілген.

Өзгелердің жаңалығы