Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

20 Наурыз 2021, 18:18
1658
Бөлісу:
Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы