Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды құттықтады

20 Наурыз 2021, 17:45
1453
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің фейсбуктегі парақшасында облыс жұртышылығын келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады. 

Наурыз  - Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы. Ол жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Біздің ата-бабаларымыз бұл күнді асыға күткен. "Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!" деген ізгі тілектерін айтып, бұл мерекені тоймен қарсы алған. Тәуелсіз еліміздің халқы енді бірер күннен кейін Наурыз мерекесін салтанатпен қарсы алады. Әлемді жайлаған індетке байланысты биыл да бұл мейрамды жылдағыдай кең көлемде қарсы ала алмаймыз. Шектеу шараларына байланысты әр отбасы өзінің шаңырағында Наурыз мерекесін қарсы алып, дастархан жаяды. Жақын адамдарына ізгі тілектерін  айтады, - деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек облыс жұртышылығына  ақ жарма тілеген білдірді.

Сіздерге мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін. Нұрлы Наурыз мерекесі елімізге құт-береке әкелсін! Еліміз аман, аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш болсын! Наурыз мерекесі құтты болсын!- деп жазды ол.
Өзгелердің жаңалығы