Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанға жаңа автобустар келді

20 Наурыз 2021, 20:16
1816
Бөлісу:
Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанға жаңа автобустар келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жаңалықпен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Құрметті Түркістан қаласы тұрғындары! Өткенде тікелей эфир барысында жаңа автобустар келетіні жайлы айтып өткен едім. Сол жайлы біраз ақпарат берсем. Қазіргі таңда қаламызға SAZ LЕ-60 модельді 20 жаңа қоғамдық көлік Наурыз мерекесінің қарсаңында әкелінді. Екі есікті автобус ішінде 25 жолаушы орындығы, желдеткіш, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған арнайы орын (пандус), электронды билет беру құрылғысы, үш бейнебақылау құрылғысы, сонымен қатар автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, бүгін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев танысып, инвесторларды қолдап, халық үшін қызметтеріне алғысын айтты.

Көптен күткен жаңа автобус санын осылайша бірер-бірер арттырамыз, достар. Өзім де асыға күткен жаңалыққа қуана, жайлы да жаңа автобустар қаламыздың тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыра түсіретініне сенімдімін, - деді қала басшысы.

Өзгелердің жаңалығы