Үш облыстың жолы жабылды

20 Наурыз 2021, 11:44
2042
Бөлісу:
Үш облыстың жолы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарына шектеу қойылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің фейсбуктегі мәліметіне сүйенсек, таңғы сағат  09.30 сағатта Ақмола облысында бұрқасын және жолдың көрінбеуі  салдарынан Нұр-Сұлтан – Петропавловск жолының 18-231 шақырымында, Нұр-Сұлтан-Щучинск жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Ақтөбе облысында қар, бұрқасын  және жолдағы көрудің нашарлығынан сағат 09.10-да  Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 97-250 шақырымында, Қандыағаш-Қарауылкелді тас жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын салдарынан таңғы сағат 08.20-да Алматы-Өскемен, 971 1048 шақырымында, Қалбатау-Ұлан ауылының бұрылысына дейінгі жолға көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Өзгелердің жаңалығы