Шығыс Қазақстанда жаңа туған сәбилерге ұлттық киім сыйға тартылды

20 Наурыз 2021, 14:26
2836
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда жаңа туған сәбилерге ұлттық киім сыйға тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аягөз аудандық ауданаралық ауруханасында Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамына орай туылған нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға берілді және жаңа босанған аналарға денсаулығын тез нығайту мақсатында ұлттық сусын Наурыз көже таратылды, деп жазылды Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің инстаграм парақшасында.

Ұлттық киімдер 16- наурыз күні дүниеге келген 5 сәбидің ауруханадан шығу рәсіміне орай табысталған. Жаңа туған сәбилеріміздің екеуі көршілес Үржар ауданынан үшеуі Аягөз ауданын. «Ең әдемі киім – ұлттық киім» демекші, төл киімдерімізді ұмытпай насихаттап, ұлт нақышын жоғалтпай ерекше шараға арқау болған аурухана әкімшілігіне ата-аналар дән риза. 

2-ші сәбиімді Аягөз аудандық орталық ауруханасында дүиеге әкелдім. Бүгін шығарып салу кезінде дәрігерлер ұлттық киіммен келіп, балаларымызға ұлттық нақыштағы киімдерін сыйлап, шығарып салды, - деп ризашылығын білдірді Үржар ауданынан келген жас ана Саяжан Сарсенғали.

сурет4.jpeg

Айта кету керек, сәбилерге арналған ұлттық киімдер санитариялық талаптарға сәйкес залалсыздандырылған.

Өзгелердің жаңалығы