Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кешіктірілді

20 Наурыз 2021, 10:12
1518
Бөлісу:
Елорда әуежайында бірқатар әуе рейсі кешіктірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Метеожағайға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов айтты.

Метеожағдайларға байланысты Нұрсұлтан назарбаев әуежайында рейстерд шегеріліп жатыр. Ұшып шығуы тиіс 9 рейс, ұшып келетін 12 рейс шегерілді. Қарағанды қаласындағы қосымша аэродромға 2 рейс жөнелтілді. Ұшу-қону жолағына сұйы ертікіш құйылып жатыр. 6 техника жұмыс істеп жатыр, - дейді Әнуар Шалекенов. 

Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушыларға ұшақтардың қону және ұшып шығу уақыты туралы ақпараттарды call-орталық пен анықтама бөлімдеріне хабарласып білу керектігін ескертеді. Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша, шегерілген ұшақтар қайтадан рейске шығуға дайындалып жатыр. 

Дәл қазіргі сәтте үйкеліс коэффициенті – 0,33. Ең бірінші болып шегерілген рейс ұшуды бастады, - дейді әуежайдың баспасөз хатшысы.

Өзгелердің жаңалығы