«Жасыл энергия» тұжырымдамасын енгізу барысы талқыланды

20 Наурыз 2021, 16:45
1872
Бөлісу:
«Жасыл энергия» тұжырымдамасын енгізу барысы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күні бұрын мен Shell компаниясының вице-президенті Джоанна Кунсбергпен кездестім. Кездесу барысында біз серіктестікті нығайту және компаниясының Қазақстандағы қызметін одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Асқар Жұмағалиев.  

Shell компаниясы Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ жобаларын іске асыруға белсенді қатысып, біздің экономикаға 15 миллиард доллардан астам инвестиция құйды.

Джоанна Кунсберг өз тарапынан 2050 жылға қарай көмірқышқыл газының шығу көрсеткіші 0-ге теңесуді басты мақсат етіп қойған Shell-дің жаңа даму стратегиясымен бөлісті.  Стратегия 3 негізгі пункттен тұрады: қазіргі жобаларды дамыту, мұнай-химия секторын әртараптандыру және «жасыл энергия» тұжырымдамасын енгізу.

Осыған байланысты ол Shell компаниясының даму стратегиясындағы өзгерістерді ескере отырып, ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.  Атап айтқанда, «жасыл энергетика», мұнай-химия және газ саласындағы жобаларды іске асыру арқылы ынтымақтастықты әртараптандыру жолдарын қарастыру.  Сондай-ақ, өндірістік қызметтегі жергілікті контенттің үлесін арттыру мүмкіндігі және басқа да бірқатар мәселелер талқыланды, - деп жазды Асқар Жұмағалиев.

Өзгелердің жаңалығы