Түркістанды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтитын арнайы жоба іске қосылды

20 Наурыз 2021, 22:01
1470
Бөлісу:
Түркістанды жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтитын арнайы жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы 264 ауылдың 74-ті жоғары жылдамдықты ғаламтор желісіне қосылмаған, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы мәселені түбегейлі шешу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 3 кезеңнен тұратын жоба қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, өңірімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 8 негізгі бағыттан тұратын бірқатар жобалар жүзеге асуда.

Түркістан қаласында «SMART CITY» бастамаларын іске асыру бойынша «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, қаланы басқару, қауіпсіздік, көлік, ТКШ және құрылыс салаларын цифрландыру жұмыстарын жолға қойып отыр. Бұл жұмыстар 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан басталған болатын. Осындай қысқа уақыт ішінде айтарлықтай жетістіктер мен нәтижелер бар. Негізгі 48 бастаманың 25-і іске асырылды, 19-ы жұмыс барысында, 4-і жоспарда, – деді Өтебаев.

Сондай-ақ басқарма басшысы жоспардағы жобаның жартысы ғана орындалғанның өзінде жүйе өзінің тиімділігін көрсете бастаған айтты. Мәселен цифрландырудың нәтижесінде мемлекеттік мекемелерге қаралған қаражаттың 244,5 млн.теңгесі кезең-кезеңімен облыстық бюджетке қайтарылған.

Өзгелердің жаңалығы