Коронавирус: Елге анықтамасыз 412 жолаушы келген

20 Наурыз 2021, 10:47
1167
Бөлісу:
Коронавирус: Елге анықтамасыз 412 жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.19 наурызда елімізге ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді.

4 733 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 321 адам, анықтамасыз 412 адам келген.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 377 жолаушы, анықтамамен - 2 110, анықтамасыз - 267;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 301 жолаушы, анықтамамен - 1 241; анықтамасыз - 60;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 797 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы, анықтамамен - 67; анықтамасыз - 63;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 121 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 22.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

18 наурызда шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 357 жолаушының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы