Все новости за 29 тамыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ауғанстан астанасында тағы жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, әлеуметтік желіде жаралыстан туындаған қара түтіннің көкке қалай көтерілгенін көрсететін бейнелер тараған.
-
Жарылыс кезінде дәмхананы тонады деген дерек расталмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен “Тау Дос” кешеніндегі тонаушылық факті расталмады. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.
-
Балаева Несіпбек Дәуітайұлының отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева белгілі қаламгер Несіпбек Дәуітайұлының қайтыс болуына байланысты жақындарына көңіл айтты.
-
Белгілі жазушы Несіпбек Дәуітайұлы өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәуітайұлы өмірден өтті. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы өз парақшасында жазды.
-
ӘЧ. Еліміздің 4 боксшысы чемпион атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде бүгін төрт қазақстандық чемпион атанды.
-
Макрон Мосулға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Француз президенті Эммануэл Макрон “Ислам мемлекеті” террористік ұйымының бұрынғы қолдаушысы болған Ирактың Мосул қаласына барып, елдің діни жамағаттарын соғыста талқандалған мемлекетті құруда "бірлесе әрекет етуге" шақырды.
-
Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Көлгінов: Екі жылда 400 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындары үшін таза ауада уақыт өткізе алатын жаңа орындар ашып қана қоймай қолданыстағы жерлерге де көңіл бөлеміз. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов осылай уәде берді.
-
Ауа райы. Бұршақ жауып, жел соғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер дүйсенбі, яғни 30 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
«Қазақстанның киберқалқаны» 2023 жылы қорытындыланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017 жылы Мемлекет басшысы болған кезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында киберқылмыспен күрес проблемасының өзектілігіне назар аударды. Сол кезде ҚР Үкіметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесін құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырылған еді.
-
Жамбылдағы жарылыс. Қираған ғимараттар жөнделе бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байзақ ауданында орын алған оқиға байланысты құрылған облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. Штаб мүшелері ғылыми-зерттеу қызметкерлерімен бірге іргедегі 3 елді мекендегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды түгелдей зерттеді.
-
Семей полигонына қатысты құпия құжаттар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің PhD докторанты Мақсат Жәнібек facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Жамбылдағы жарылыс: Ақмолалық өрт сөндірушілер әріптестерін еске алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Ақмолалық өрт сөндіруші-құтқарушылар Жамбыл облысында жарылыс салдарынан қайтыс болған әріптестерін еске алды.
-
Қаза тапқандардың балаларын әскери оқу орындарға түсіруге жәрдемдесеміз – Таласов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Тараз қаласының емдеу мекемелерін аралады. Ол стационарда емделіп жатқан адамдардың хал-жағдайымен танысты.
-
Токионың күміс жүлдегері жеңісін жарылыстан қаза тапқандардың рухына арнады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Паралимпиаданың күміс жүлдегері отандасымыз Дәулет Теміржан жеңісін Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына арнады.
-
Алматы мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Аманбаев қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Аманбаев 73 жасында қайтыс болды.
-
Ақтөбе облысында мұғалімдердің 100 пайызы вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастайтын болады. Барлық білім беру ұйымында санитарлық талаптар қатаң сақталады.
-
Тәліптер белгілі ауғандық әншіні атып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәліптер Ауғанстанның халық әндерін орындап келген белгілі әнші Фавад Андарабиді атып тастады.
-
Семейде «Өлімнен де күшті» монументінде акция ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде ядролық сынақтардың құрбандары мен Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
-
Жалпыұлттық аза тұту күні: Әзербайжан елшілігі көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға көңіл айтып, мемлекеттік туын түсірді.
-
Жамбылдағы жарылыс: Өрт сөндіруші оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Журналистер Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен әскери қызметшілердің жағдайы туралы білді.
-
Жаңаөзен аумағында 38 заңсыз қоқыс төгілген нүкте анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында заңсыз төгілген үйінділерді анықтау және санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ дерегі бойынша жыл басынан бері ғарыштық бақылаудың көмегімен аймақта 141 рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгу фактісі анықталған.
-
Қайсар қызметкерлер қарапайым азаматтарға қорған болып, қапыда қыршын кетті – Тұрғымбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жеке құрамы және өз атымнан Жамбыл облысы Байзақ ауданында орын алған әскери қоймадағы өрт кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен құтқарушылардың отбасы, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, деп жазды Facebook-тегі парақшасында ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев.
-
Корея елшісі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Байзақ ауданында жарылыстан қаза тапқандарды еске алып, мемлекеттік туын түсірді.
-
Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында отандасымыз парадзюдодан күміс жүлдегер атанды.
-
Жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды.
-
Құрылыс материалдарын делдалдарсыз сату үшін онлайн-алаң енгізіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаңтар айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жылжымайтын мүлік бағасына қатысты дүрбелеңнің белең алуына жол бермеу және бағаны тұрақтандыру бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Осы бағытта атқарылған нақты қадамдар туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Тимур Бижанов сұхбат барысында айтып берді.
-
Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасы аумағында тарсылдаған дыбыс естілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыс болған оқ-дәрі қоймасының орнында тарсыл естілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің Телеграм каналы.
-
Қазақстандағы Түркия елшілігі мемлекеттік туын түсірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Қазақ еліне тілектестігін білдірген Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі ғимаратта ілінген мемлекеттік туын түсірді.
-
Көрермен назарына «Полигон» деректі фильмі ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Семей ядролық полигоны жабылған күн. Қазақ халқына қайғы, қасірет әкелген ядролық қаруды жабуға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы негіз болды.
-
Жарылыс кезінде қаза тапқан Айманов бірнеше адамды құтқарған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысында болған жарылыстың салдарынан қаза болғандардың не себепті түрлі наградалармен марапатталғанын түсіндірді.
-
Маңғыстау облысындағы емханаларда пациенттерге қандай жағдай жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақтау қалалық №1 емханасының егу пунктін тексерді.
-
Нидерландыда кран тарихи ескерткішті қиратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландыда кран Маастрихт қаласындағы ежелгі көпірді қиратты. Ғимарат ұлттық маңызы бар ескерткіш ретінде танылған. Бұл туралы korrespondent.net сайты NOS жергілікті басылымына сілтеме жасап хабарлады.
-
БҚО-да тіркемесі бар трактор аударылып, 8 жасар қыз бен ер адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болған оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.
-
Елімізде 5,3 млн-нан астам адам екпе салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 29 тамыз күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы екпе салу қарқыны туралы ақпаратты жариялады.
-
28 қарашада Қырғызстан парламенті депутаттарының қайта сайлауы өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан парламенті депутаттарының қайта сайлауы 28 қарашада өтеді.
-
ӘМСҚ: Елордада жарты жылда 105,1 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 105,1 млрд теңге сомасына медициналық қызмет көрсетілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай барлық өңірде Құран хатым дұғасы оқылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай бүгін еліміздің барлық мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды. Бас мүфти бастамасы негізінде жүзеге асқан игі іске еліміздің барлық өңіріндегі құлшылық ордалары бірыңғай үн қосып, жергілікті уақыт есебімен сағат 10.00-де бір мезетте Құран оқылып, қазаға ұшыраған марқұмдардың рухына бағышталды.
-
Нұрислам Санаев үнді балуанын тістеп алғаны үшін кешірім сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев жартылай финалдық белдесуді үндістандық Рави Кумарды не үшін тістеп алғанын айтты деп жазады Olympic.kz.
-
Кубада коронавирусқа қарсы вакциналар біріктіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Кубада тек өз өндірісінің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасы қолданылған. Ел билігі әртүрлі өндірушілердің вакциналарын араластыруға рұқсат берді. Бұл туралы korrespondent.net сайты Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.
-
Жамбылдағы жарылыс. Президент атына көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан көп адамның қаза болуына әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты шет мемлекеттердің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр.
-
Паралимпиада-2020: Қазақстандық спортшы финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарынан Қазақстан қоржынында тағы бір медаль бар.
-
Өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Әшімбаев: Бейбіт күнде азаматтарымыздан айырылып қалу бәріміздің қабырғамызды қайыстырып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2021 жылғы 29 тамызды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
-
Абай елі полигон қасіретін әлі тартып келеді – ақын Төлеген Жанғалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 29 тамыз – халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Еліміздегі ядролық сынақтардың тоқтағанына биыл 30 жыл толып отыр. Адамзатқа төнген зұлматты еске алғанда қырық жыл бойы уланған қазақ даласы – Семей өңірін сөз етпеу мүмкін емес. Табиғат-Ана мен Жер-бесіктің бауырын сөккен полигон бірнеше ғасырға татитын зардабын арқалатып кетті. Осы орайда полигон қасіреті туралы ядролық сынақты өз көзімен көріп өскен Абай елінің тумасы, тұрғыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Төлеген Жанғалиевті әңгімеге тартқан едік.
-
КВИ мен пневмониядан 157 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 29 тамыздағы ақпаратты жариялады.
-
Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адамзат тарихында жер бетіндегі тіршілік атаулысына, әсіресе адамдарға ең үлкен қасірет алып келген Семей ядролық полигонының жабылғанына биыл 30 жыл толыпты. Әзірге Қазақстан әлемде ядролық сынақ қаруынан өз еркімен бас тартқан жалғыз мемлекет болып отыр.
-
Өткен тәулікте 5271 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 5271 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Президент Жамбылдағы жарылыста ерлікпен қаза болғандарды марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Жамбыл облысында болған жарылыста қаза тапқандарды мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.
-
Елімізде өткен тәулікте 5993 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 5993 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 29 тамыз – еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні.
-
Елімізде құрылыс компаниялары отандық материалдарды қолдануға міндеттеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде құрылыс компаниялары отандық құрылыс материалдарын қолдануға міндеттеледі. Бұл саладағы қазақстандық өнім үлесін арттыру үшін жасаламақ.
-
Вьетнамда коронавирус індеті өршіді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вьетнамда тәулігіне 13 мыңға жуық жағдай тіркелді. Бұл COVID-19 инфекциясы таралуы жөнінен жаңа антирекорд.
-
Ернар Шымбаев бильярдтан әлем чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Ернар Шымбаев «Еркін пирамида» бойынша әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды.
-
Ғалымдар кездейсоқ жаңа арал тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Копенгаген университетінің ғалымдары Гренландияға экспедиция кезінде жаңа аралды кездейсоқ тапты. Оны «Кекертақ Аваннарлек» деп атау ұсынылды, деп жазады РИА Новости.
-
Алты айда Қазақстаннан шетелге 120 мыңға жуық ірі қара мал экспортталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жарты жылда Қазақстаннан шетелге 120 мыңға жуық ірі қара мал экспортталды.
-
Павлодарда ағаштардың электронды базасы құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саябақтар мен алаңдардың жанында QR коды бар тақтайшалар ілініп, олардың көмегімен тұрғындар жасыл өсінділердің картасын көріп, олардың жағдайын тексере алады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Шығыста 30 мыңға жуық педагог вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 30 мыңға жуық педагог вакцина алды. Бұл туралы жаңа оқу жылына дайындық тақырыбында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтылды.
-
Жастар арасындағы Азия чемпионатында елдің 17 боксшысы финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан боксшылары жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатындағы өнер жалғастырып жатыр, деп жазады Sports.kz.
-
Жамбылдық полицейлер тұрғыннан 1 тоннадай есірткі затын тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер тұрғыннан 1 тоннадай есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Наверх